Қазақстан бойынша қанша адам гемодиализ алатынын білесіз бе?
Қазақстан бойынша қанша адам гемодиализ алатынын білесіз бе?
фото:elements.envato.com
902
оқылды
Бүгін Парламентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы іске асырылу барысында «Ауылдық жердегі денсаулық сақтау: қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Жиында ауылдық және қалалық денсаулық сақтау арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған. Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов осы жоба аясында барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланғанын сөз етті.  – Өкінішке қарай, елімізде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысымен ауыратын емделушілердің саны жыл сайын артып келеді. Мұны емдеудің консервативті әдістері – амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ және перитонеальді диализ, радикалды әдіс – бүйрек трансплантациясы. Қазір Қазақстанда 8 687 адам амбулаториялық гемодиализ алады. Айта кету керек, гемодиализ процедураларын жүргізу негізінен облыстық маңызы бар қалалардағы гемодиализ орталықтарымен қамтамасыз етіледі. Көбінесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысымен ауыратын ауыл тұрғынының гемодиализ процедураларын алу үшін қалаға көшуге мүмкіндігі жоқ, оны күн сайын, өмір бойы алу керек! Емделушілердің аудандардан облыс орталықтарына гемодиализге баруы проблема екені жасырын емес. Өйткені бұл елеулі қаржылық шығындар мен әлеуметтік жағдайдың нашарлауына әкеледі. Осы ретте, нефролог дәрігерлердің жетіспеушілігі туралы атап өткен жөн, – деді депутат.