Армения, Ресей, Қырғызстаннан әкелінген көлікті алғаш рет Алматыда тіркеді
Армения, Ресей, Қырғызстаннан әкелінген көлікті алғаш рет Алматыда тіркеді
Фото: Интернеттен алынды
375
оқылды
Алматыда шетелдік нөмірмен жүрген алғашқы көлік тіркелді, – деп жазады «Спутник Қазақстан». Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік  Ресейден әкелінген. «Көлік иесі «Саялы» ықшамауданындағы №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шетелдік нөмірмен жүрген көлікті тіркеді», – дейді полиция. 37 жастағы Владимир Баев өзінің Ресейден әкелген көлігін тіркеді.
«Бүгін көлігімді уақытша тіркеу үшін осы жерге келдім. Бір жылда утилизациялық алымды төлеп тұрамын. Кейін көлікті Қазақстанда біржолата тіркеймін. Бар жұмыс 20-30 минутта аяқталды», – деді ол.  
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуді тапсырған еді.