Шылым шегетін жастар саны көбейді – Ұлттық статистика бюросы
Шылым шегетін жастар саны көбейді – Ұлттық статистика бюросы
Фото: 24warez.ru
1,453
оқылды
Бір жылда жастар арасында шылым шегетіндер саны көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Сауалнамаға қатысқандардың 20,4% темекі тартады (темекі тартпайтындар – 79,6%). Ер адамдардың 38,4%, (темекі тартпайтындар – 61,6%), әйелдердің 8,4% темекі өнімдерін тұтынады (темекі тартпайтындар – 91,6%). Респонденттердің 16,6% күн сайын, 3,8% оқта-текте шылым шегеді. Темекі түтінінен өз үйінде зардап шегіп жүрген тұрғындар үлесі – 12,8%, жұмыста – 8,1%, қоғамдық тамақтану орындарында – 10,5%, олардың басым көпшілігі (93% астамы) шылым шекпейтін адамдар.    width= Тұрғындары темекі өнімдерін ең көп тұтынатын өңірлер: Қарағанды (25,4%), Павлодар және Жамбыл облысы (24,6%). Сауалнамаға қатысқандардың 85,5% аталған темекі ауыр сырқатқа душар етеді деп санайды. Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу туралы заңнаманы қолдайтындар – 67,7%. Биыл былтырмен салыстырғанда 18-28, сондай-ақ 60 (63) және одан жоғары жастағы азаматтар арасында шылым шегетіндер саны артқан.