Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәлізін қалыптастыруды талап етеді – Тоқаев
Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәлізін қалыптастыруды талап етеді – Тоқаев
Фото: t.me/bort_01
544
оқылды
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке келген мемлекет басшыларына алғыс айтты.
«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысқандарыңыз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Биыл осы Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толды. Осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды. Кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 27-ге жетті. Бұл, шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді. Біз Кувейттің кеңеске мүше болып, қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымыз», – деді Президент.
Қазақстанның алдағы екіжылдық төрағалығы кезінде өзіне маңызды міндеттер алып отыр және Кеңеске мүше мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауына сенім артады. Мемлекет басшысы өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК Кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санайтынын айтты. «Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жүк тасымалының оңтайлы әрі қолжетімді жолдары – экономикамыздың тұрақты өсімінің маңызды факторы. Коммуникация мен жүктерді жеткізудің әртараптандырылған бағыттарын пысықтау арқылы көлік-транзит әлеуетін жүзеге асыруға мән беру маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.