Диетолог жаңа піскен фаст-фудтың зияны аз екенін айтты
Диетолог жаңа піскен фаст-фудтың зияны аз екенін айтты
576
оқылды
Диетолог фаст-фудқа көкөністер қосылғаны жақсы екенін айтады, сондай-ақ қақталған еттің қабыршағын алып тастауды ұсынады. Диетолог Елена Соломатина фаст-фудтың қайсысы қауіпсіз екенін де жеткізді, - деп хабарлайды RT .
"Фаст-фуд - бұл біздің тез тамақтануымызға жақсы әрі ыңғайлы. Бұл әртүрлі орамалар болуы мүмкін, ең бастысы олардың жаңа піскен болуы маңызды. Фаст-фуд мейрамханаларында ұсынылатын соя соусынан бас тартқан дұрыс", - деді Елена Соломатина.
Ол пиццаны ең пайдалы фаст-фуд деп атайды. Дегенмен ысталған шұжық, ірімшік, саңырауқұлақ және көп томат қолданғанынан аулақ болған жөн.
"Картоп - үй жағдайында өсірілген болса, жақсы және оны көкөністермен бірге тұтынған жөн. Егер, шынымен де гамбургер жегіңіз келсе, онда тоқаштың орнына қара нан қолданып, көкөністерді көбірек қосқан дұрыс. Майонезді тұтынып қажеті жоқ, өйткені ол тым сапасыз нәрсе, әдетте фаст-фуд мекемелері сапасызын алады. Оның орнына томат тұздығы жақсы", - деді диетолог.
Маман қуырылған тауықтың сыртқы қабыршығын алып тастауды ұсынады. Сондай-ақ ол тамақты салқын сусындармен бірге тұтынуға қарсы.
"Коктейльдер, сүт коктейльдері және кез келген салқын сусындар, әсіресе мұздалған болса, ол тағамның дұрыс қорытылуына жол бермейді", - деді Елена Соломатина