Генетикалық тест шаңырақты сақтай ма?
Генетикалық тест шаңырақты сақтай ма?
568
оқылды
Денсаулық сақтау саласындағы 2019 жылдың қоры­тынды дерегіне сүйенсек, Қазақстанда 14 мыңнан астам жұп бедеу ретінде тіркеліпті. Олардың 15 пайызын жас жұбайлар құрап отыр. Сәби сүйе алмаған отбасылар осы­дан кейін ұрыс-керіске барып, ақырында ажырасып жа­тады. Бұл орайда шаңырақ көтеруге ниет еткен жас­тардың алдын ала генетикалық және медициналық тек­серістен өтпеуі де себеп болып отыр. Дәрігерлер «жас жұбай­лар уақытында тексерістен өтсе, бірнеше фактор­лар­дың алдын алуға болады» деп айтады. Денсаулық сақтау министрлігі некеге тұруға ниет білдірген жас­тар­дың 10-20 пайызы ғана генетикалық және медициналық тек­­серістерден өтетінін мәлімдеп отыр. Ал жастардың от­ба­сылық өмір жолына бейжай қарауына не себеп? Ал заң жүзінде міндеттеудің қажеттілігі бар ма?  

Ұрпақ саулығы маңызды

Елімізде некеге тұрар алдында медициналық тексеруден өту мін­деттелмеген. Осыған ұқсас бастаманы 2013 жылы дәрігерлер көтерген. Ұрпақ саулығы үшін мұндай заңның тиімді екенін алға тартқан дәрігерлер отбасын құруға ниет еткен азаматтарды ВИЧ инфекциясына анализ тап­­сыруға міндеттеуді ұсынған. Алай­­да бастама қолдау таппады. Де­генмен аталған жұқпалы дерт­тен сақтану үшін ерікті түр­де ана­лиз тапсыратындар да же­­тер­лік. Мысалы, Алматы қала­сын­дағы «ЖИТС алдын алу және оған қар­сы күрес орталығы» 2019 жы­лы 350 мың адамды тек­серген. Со­ның 500-і ВИЧ жұқтырған екен. Генетикалық тексерістен өту  қоғам үшін әлі де жат құбылыс тәрізді көрініп отыр. Мамандар «тексерістің бұл түрі халықтың келе­шек саулығына қажет» деп айтады. – Неке қияр алдында гене­ти­калық тексеріс қажет. Генети­ка­лық аурулардың статистикасы ауыз толтырып айтатындай көп емес. Бірақ күрделі мәселе. Менің бай­қағаным, тіпті шаңырақ кө­тер­гелі отырған жастар бір-біріне мұндай нәрселерді айта бермейді, кейбірі білмейді де. Генетикалық тест ең әуелі Денсаулық сақтау ми­­нистрлігіне қажетті. Халықтың ішінде қаншама адамның гені өзгеріске ұшырап жатыр, қай аурулар қаржы бөліп емдеуді қажет етеді, осы секілді деректерді сақтап отыру керек. Гені өзгеріске ұшырап жатқан адам сау секілді жүре береді, бірақ кездескен жұ­­бында да гендік өзгерістер бол­­са, ауру бала дүниеге келеді, – дей­ді генетик маман Болат Сұл­танқұлов. Ал акушер-гинеколог Салта­нат Сарина жастар өз денсау­лы­­ғына бейжай қарап, соның сал­­дарынан туабітті дертке шал­дық­­қан балалар дүниеге келе­ті­ні­не алаңдайды. – Жас жұбайлар неке құрмас бұрын генетикалық тексерістен өткені абзал. Себебі көп жағдайда тұқым қуалайтын аурулары барын білмей, сәбилері туабітті ауру болып жатады. Тұқым қуалайтын ауруларға тек генетикалық тұр­ғы­дан қарауға болмайды. Физио­ло­гиялық, экологиялық, ин­фек­­­циялық факторлардың да әсері бар. Сол үшін келешек ата-ана болатын жастарға дұрыс та­мақ­танып, зиянды әдеттерден аулақ болуды ұсынар едім. Бірақ жас­тар­дың басым бөлігі бұл кеңеске құлақ аспай жатады, – деді.    width=

Заң мәселені шеше ме?

Еліміздің «Неке және отбасы туралы» заңында некелесетін азаматтарды медициналық тек­серу туралы жазылған. Дегенмен ол жұбайларды дәрігерге қаралуға міндеттемейді. Оның есесіне заң­да қауіпті ауруын жасырып, өз­г­елерге жұқтырған азаматтар Қыл­мыстық кодекстің 117-бабы бо­йынша 2 жылға дейін бас бос­тандығынан айырылатыны ай­тылған. Ал ҚК 118-бабында қа­уіпті ауруын екі азаматқа неме­се кәмелетке толмаған адамға жұқ­тырғандар 8 жылға дейін түр­меге қамалатыны көрсетілген. Біз айтып отырған некеге тұрмас бұ­рын генетикалық немесе ме­ди­­циналық тексеруден өтуді мін­­деттейтін заңнама жоқ. Ал Сал­танат Сарина проблема ма­ңыз­ды болса да, заңмен шешу­ді құп­тамайтынын жеткізді. – Бұл мәселені заңмен шешуге келіспес едім. Жұбайлардың жеке әңгімесіне заң араласпаса дей­мін. Жастар өз арасында бәрін келісіп жасауы тиіс. Біз тек маман ретінде кеңес беріп, дұрыс жолын нұсқап отырсақ болғаны, – деді маман. Дегенмен генетик Болат Сұл­тан­құловтың пікірі басқа. Ол гене­тикалық тестті өткізуге бай­ла­нысты заң жобасы дайын­далу керегін жеткізді. – Ақпараттық қорғаныс гене­ти­када да бар. Яғни ауруын әр адам өзі ғана білуі тиіс. Өйт­кені соңғы жылдары әлемде гене­ти­­калық тексерістер арқылы кри­­миналдық шабуылдар жаса­ла­ды. Егер әр адамның генетика жағы­нан жеке дерегін сақтай алатын заң болса, некеге тұрмастан бұ­рын азаматтарды генетикалық тест­тен өтуге міндеттегенін құп­таймын, – дейді. Бірқатар әлем елдері жастар­дың некеге тұрар алдында гене­ти­калық, медициналық тексе­ріс­­терден өтуін заңды түрде мін­­­деттейді. Шаңырақ көте­ру­­ді шешкен жұп дәрігерге қа­ра­лып, бойында сырқаты бар­-жо­­ғын және генетикалық тек­­­­­серістер арқылы дені сау ба­ла туу мүмкіндігін болжайды. Со­н­­­­­дықтан неке тіркейтін ор­ган­­­ға медициналық тексеріс қо­­ры­тындысын өткізу қажет. Он­сыз неке қия алмайды. Мұн­дай тәжірибе көршілес Өз­бек­­стан елінде де бар. 2004 жы­лы қолданысқа енгізілген заң жо­басы бойынша жастар ден­сау­лығын тексертіп қана қой­май, бір-біріне туыстығы жоқ екенін растайтын анықтамасы болмайынша отау құра алмайды. Туыстығы жоқ екенін растайтын анық­тама жайы сөз болғанда қазақ халқының жеті атадан қыз алыспайтын салты ойға түседі. Оның ең тиімді жол екені анық. Өз­бек жұртының бұл қадамға ба­рып, аталған заң жобасын шы­ғаруына елдегі туабітті ауруға шал­дыққан балалардың көбеюі се­беп болған.  

ТҮЙІН:

 

Неке қимастан бұрын меди­циналық, генетикалық тексе­ріс­ті заң жүзінде міндеттеуді құп­тайтын да, қажеттілікке са­на­майтын да жандар бар. Сон­дықтан біржақты пікір айтудан аулақпыз. Әзірге бұл мәселе жас жұбайлардың еркіне қалып отыр. Бастысы – дені сау ұрпақтың қамы.

     width=Мадияр ТӨЛЕУ