Смайылов Түркістан облысында «Қасқасу» туристік кешенінің жобасымен танысты
Смайылов Түркістан облысында «Қасқасу» туристік кешенінің жобасымен танысты
Фото: primeminister.kz
978
оқылды
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Керуен сарай» кешеніне барып, инвесторлармен және өңірде жұмыс істеп жатқан туристік сала өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.   Премьер-Министрге газ және күн электр стансаларының құрылысы, көмір-химия, мұнай-химия және күкірт қышқылы зауыттарын, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді мен цемент өндіретін химия кешенін, Өгем өзеніндегі ГЭС каскады бар су құбырын, жылыжай кешенін, бордақылау алаңын салу бойынша және т. б. жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды.
«Бұлардың барлығы да облыс үшін әлеуметтік және экономикалық маңызды жоғары жобалар. Олар тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және өнеркәсіп өнімдерінің көлемін едәуір арттырады. Облыс әкімдігі жобалардың уақытылы іске асырылуын ерекше бақылауға алып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі тиіс», – деді Әлихан Смайылов.
   width= Оның айтуынша, жаңа электр стансаларын іске қосу оңтүстік өңірдегі энергия тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді, ал жаңа аграрлық нысандар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға ықпал ететін болады. Өз кезегінде инвесторлар жобалармен жұмыс істеу кезінде туындаған бірқатар проблемалық мәселені көтерді. Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оларды мұқият қарап, заңнама шеңберінде жәрдем көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар Премьер-Министрге өңірдің негізгі бағыттары тарихи-танымдық, қажылық, емдік-сауықтыру, эко және этнотуризм болатын туристік саланың даму қарқыны туралы баяндалды. Атап айтқанда, Әлихан Смайыловқа «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің жобасы таныстырылды, онда күніне 4 мыңға жуық адам демалатын болады. «Жыл бойына сапалы қызмет көрсететін туризм нысандарының экономикалық тиімділігі қашанда жоғары болмақ. Меніңше, Түркістан облысының осы бағытта әлеуеті зор», – деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ ол туристермен жұмыс істеу үшін білікті кадрларды даярлау сапасына да назар аудару керегін атап көрсетті. Премьер-Министр жұмыс сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.