Әрбір жетекші автомобиль бренді ғылыми-зерттеулер мен тың ізденістерге жүздеген миллион доллар жұмсайды. Жаңа модельдерінде ерекше инновациялар мен қымбат әрі сапалы материалдарды ғана қолданады. Осы факторлардың әрқайсысы автомобильдің соңғы бағасын арттырады.Көпшілік мұндай қымбат бағалы көліктерді сатып алуды ойламасақ та, жаңа үлгілердің енді бірнеше жылдан кейін жалпы нарыққа ұсынылатынын түсінеміз. Болашақ автокөліктер қандай болады деген қызығушылық та осыдан туындайды. Америкалық SlashGear ақпараттық порталы жасаған нарықтағы ең қымбат көліктердің алғашқы бестігін Aikyn.kz ұсынады. 1. Rolls-Royce Boat Tail – 30 миллион доллар Ең қымбат көлікпен саяхаттау да қымбат. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Джефф Спайсер [caption id="attachment_223494" align="aligncenter" width="1220"] Яхтаға ұқсатып жасалған әлемдегі ең қымбат жүксалғыш. Фото: Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Джефф Спайсер[/caption] Rolls-Royce автомобилін көбінесе өзінің сән-салтанатын жаңа деңгейге көтеріп, бай-дәулетімен мақтанғысы келгендер алады. Бұл бренд әлемдегі ең бай адамдарға арнап көлік жасауымен белгілі. Rolls-Royce Boat Tail моделі барлық рекордтарды жаңартты. Біріншіден, бұл осы бренд шығарған ең қымбат көлік болып саналады. 2021 жылы жұртшылыққа бірінші Boat Tail моделі көрсетілді, сол кездің өзінде оған 28 миллион доллар ұсынылды.
Forbes мәліметтері бойынша екінші және ең соңғы Boat Tail 30 миллион доллардан артық бағаға сатылған.Автокөліктің дизайны 1932 жылы Rolls-Royce-тың Phantom II Boattail-ге ұқсайды. Phantom II Boattail, өз кезегінде, ХХ ғасырдың басындағы жарыс яхталарының бейнесінен алынған болатын. Бұған дәлелді автомобильдің жүксалғышына орнатылған теңіз стиліндегі ағаш палубадан табамыз. Бұл палуба жүксалғышта сақталған ашық ауада асхана үстелі сияқты жазылатын ашу механизмімен жабдықталған. 2. Bugatti La Voiture Noire – $18,7 миллион [caption id="attachment_223496" align="aligncenter" width="1949"] Сұсты Bugatti La Voiture Noire үшін Еуропада 6,3 млн доллар салық төлейсіз.
Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Майк Марин[/caption] Bugatti La Voiture Noire әлемдегі ең қымбат автокөліктердің қатарына қосылды. Bugatti компаниясы 1909 жылы құрылған сәттен бастап үш сипатымен белгілі: жаңашылдық рухы, мінсіздік болуға ұмтылыс және мүмкін емес болып көрінетін шешімдерді қолдану.
Бірегей көліктерді жасау – Bugatti компаниясының басты мақсаты. La Voiture Noire бір ғана данада жасалды және сонысымен нарықта үлкен қозғалыс тудырды.Бұл модельдің шығуы алғаш рет 2019 жылы жарияланғанымен, көлікті аяқтауға тағы екі жарым жыл қажет болды. Бүкіл әлемде бір ғана La Voiture Noire бар және оны анонимді тұтынушы 18,7 миллион долларға сатып алған. Көліктің болжамды құны – шамамен 12,4 миллион доллар. Салық көлемі 6,3 миллион доллар болған. 3. Rolls-Royce Sweptail: $12,8 млн [caption id="attachment_223497" align="aligncenter" width="1856"] Rolls-Royce Sweptail-ды тек тапсырыспен сатып аласыз. Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Майк Марин[/caption] Rolls-Royce-тың тағы бір қымбат моделі – Rolls-Royce Sweptail. Бұл модел XX ғасырдағы ең керемет яхталарға еліктеуден туған. Sweptail-дің бағасы – шамамен 13 миллион доллар. Motor Authority компаниясының мәліметінше, бұл көлік Buggati La Voiture Noire (18,7 миллион доллар) моделі шығарылғанға дейінгі ең қымбат көлік саналған. Тек тапсырыспен дайындалатын купе екі орындық етіп жасалған.
Rolls-Royce Sweptail қазіргі қолданыстағы Phantom платформасына негізделген. Автокөлікті соншалықты қымбат ететін нәрсе – оның техникалық сипаттамалары.Бұған қосымша купе V12 түріндегі 6,75 литрлік қозғалтқышы мен 8 буынды автоматты (Top Speed арқылы) жылдамдық ауыстырушымен жабдықталған. Sweptail-дің орталық консолінде бір түймені басу арқылы көлік иесі сүйікті қымбат шампан бөтелкесін және екі кристалды бокалын шығарып қолдана алады. Бөтелкені оның иесі еш қиындықсыз алу үшін мінсіз механизм жасалған. Салқындатқыштың қақпағын ашқан сәтте бөтелке ыңғайлы жағдайға келіп, шарапты құюға әзір тұрады. Сонымен қатар екі жасырын қалтада көлік иесінің жеке ноутбуктерін сақтайтын атташе сөмкелері орналасады. 4. Pagani Huayra Imola (Пагани Хуайра Имола) – 5,4 миллион доллар [caption id="attachment_223498" align="aligncenter" width="1803"] Бүгінге дейін тек 5 Pagani Huayra Imola шығарылған. Фото Shutterstock сайтынан алынды.[/caption] 2019 жылы Pagani компаниясы Huayra Imola атты ең қымбат өнімін шығарды. Айдаһар деген лақап атымен танылған Pagani Huayra Imola шектеулі ғана көлемде шығарылды. Құны – 5,4 миллион доллар.
Бүгінге дейін Pagani Huayra Imola-ның бес бірлігі шығарылды. Бұл өнім – автомобиль өндірісіне енгізілген ерекше дәлдік пен терең зерттеудің нәтижесі.827 аттың күші бар 6,0 литрлік қос турбокомпрессорлы V12 қозғалтқышы бар Huayra платформасының жаңа өнімі отын үнемдеу мен өнімділікті ескере отырып жасалған. Imola дизайнының тағы бір мақтанышы – оның аэродинамикасы. Компания өзінің дизайнына қоршаған ортаны бақылайтын және кез келген өзгерістерге жылдам әрекет ететін белсенді аэродинамикалық жүйелерді қосты. Imola-дағы қанаттар, аспасы және дифференциал электронды түрде реттеледі. Pagani жаңа моделін Brembo және Pirelli брендтерінің бөлшектерімен жабдықтайды. Бұл оның жолдағы қозғалысын, ұстасуын жақсартады. 5. Bugatti Chiron Super Sport +300 – 4 миллион доллар [caption id="attachment_223499" align="aligncenter" width="1949"] Адам қиялынан да жүйрік, таңдай қақтыратын дизайн мен технологияның нәтижесі. Фото Getty Images агенттігінен алынды. Авторы: Мартин Люси[/caption] Жылдамдықты 0-ден 100-ге дейін небәрі 2,5 секундта үдететін Bugatti Chiron Super Sport 300+ сериялық түрде өндіріске қойылған әлемдегі ең қымбат автомобильдердің бірі болып саналады. Оның бағасы – шамамен 4 миллион доллар. Bugatti бұған дейін мүмкін болмаған 483 км/сағ жылдамдықтың алғаш рет көбесін сөккен таңғажайып рекордтық өнім. Chiron Super Sport 300+ моделі адам қиялынан да жүйрік, таңдай қақтыратын дизайн мен технологияға негізделген көлік. Алдыңғы доңғалақ корпустарындағы ауа перделері мен ауа саңылаулары төменге тарту күші мен кедергіні азайтады. Артқы жағындағы сәндеу өзгерістері де ойластырылып енгізілген. Нәтижесінде, көліктің ұзындығын 25 сантиметрге ұзартатын Longtail бөлігін қосу арқылы аэродинамикалық қисаю 40%-ға азайды. «Жаңа түтін шығарғыш құбырдың орналасуы мен артқы диффузор да көліктің артының көтерілуін азайтып, кедергіні айтарлықтай төмендетеді», – дейді SlashGear тілшілері қорытынды есептерінде. Тіпті сағатына 200 мильден асатын жылдамдықта да Bugatti Chiron Super Sport 300+ бетпе-бет қарсылық мен төменге тарту күшін дұрыс үйлесіммен азайту көліктің өнімділігі мен тұрақтылығын жақсартады. Бұл модельге қойылған 8,0 литрлік W16 формасындағы қозғалтқыш 1600 аттың күшіне тең қуат береді. SlashGear тілшілері жүргізген зерттеуден әлемдегі ең қымбат көліктердің сипаттарымен таныстық. Әрбір жаңа модель ғылым мен технологияның, үздік дизайнерлік жұмыстардың нәтижесінде пайда болатын өнім. Осының бәрі тек ғылыммен, еңбекпен келетіні қазақ жастарына үлгі боларлық мысалдар.