Коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді
Коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді
Фото: yandex.kz
468
оқылды
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейе бастады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус 51 адамнан анықталды. Екі адам емделіп шықты. 4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 4 адамның жағдайы ауыр,
  • 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сондай-ақ Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 843 720 адам, II компонентін 10 606 256 адам салдырған. Ревакцинациядан 5 619 798 адам өткен.