Mercedes-Benz робот-такси шығаруда Tesla-ны қайталамайды
Mercedes-Benz робот-такси шығаруда Tesla-ны қайталамайды
Mercedes-Benz-тің болашақта шығаратын көліктері. Фото autoruote4x4.com сайтынан алынды
958
оқылды
Mercedes-Benz-тің бас техникалық директоры Маркус Шефердің айтуынша, неміс автомобиль өндірушісі адам басқаратын таксилер мен жүргізушілер жолға мүлдем көңіл бөлмейтіндей 3-деңгейлі автоматтандырылған жүйе жасауды қолға алды. Мұндай көліктегі жүйенің жұмысы туралы theverge.com сайтына сілмесе жасап Aikyn.kz хабарлайды. Mercedes-Benz техникалық директоры Маркус Шефер Силикон алқабына сапары барысында неміс автоөндірушісінің Саннивейлдегі (Калифорния штаты) зерттеу және дамыту орталығында өз командасымен және жергілікті технологиялық компаниялармен кездескен. [caption id="attachment_225916" align="aligncenter" width="1204"]Рисунок2 Компания электрлі көлік платформасына ауысуды бастады. Фото Mercedes-Benz AG сайтынан алынды[/caption] Бұл кездесулерде Шефер «болашақтағы ықтимал серіктестіктермен қызықты талқылаулар болғанын» айтқан.
Mercedes-Benz барлық көліктерін электромобиль платформасына ауыстыру жолында және АҚШ-та сатылымға 3-деңгейлі жүргізушіге көмек көрсету технологиясы бар жеңіл автокөліктерді ұсынатын алғашқы өндіруші болмақшы. Бұл жүйе жүргізушіге жолға мүлдем қарамауға немесе көлікті өте сирек жағдайларда ғана басқаруға мүмкіндік береді.
Mercedes Калифорнияда Drive Pilot мүмкіндігін іске қосқысы келеді, бірақ бұл реттеуші органдардың мақұлдауын қажет етеді. Атқарушы директор Сакраментода ресми тұлғалармен кездескен. «Олар технологияны, біздің қауіпсіздік философиямызды және тіпті тұтынушыларды осы 3-деңгей жүйесінде қалай оқытатынымызды түсінеді. Сондықтан бұл өте маңызды кезең: реттеушілермен кездесу, жүйені түсіндіру және жүйені қолдануға өтініш әзірлеу», – дейді техникалық директор.
Mercedes Drive Pilot жүйесінің 3-деңгейдегі функциялары жүргізушілерге (белгілі жылдамдықпен авто магистральдарда) рульден қолдарын алып, жолға назар аударуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Әзірше, нарықта басқа ешқандай компания бұндай мүмкіндік ұсына алған жоқ.
[caption id="attachment_225918" align="aligncenter" width="1296"]Рисунок3 Mercedes-Benz-тің техникалық директоры Маркус Шефер компанияның 3-деңгейдегі автоматтандыру мүмкіндігі туралы мемлекеттік реттеушілермен кездеседі. Фото Mercedes-Benz AG сайтынан алынды[/caption] Бұған дейін тек Илон Маск өзін-өзі басқаратын Tesla көліктері иелеріне ақша таба алатынын мәлімдеп, 2020 жылы көлік жолдарында жүргізушісіз миллион Tesla таксилері болатынын хабарлады. Әзірше Масктың сөздері орындала қоймады.
Ал, Mercedes 2030 жылға қарай толығымен электромобильдер шығаруға көшуді жоспарлап отыр. Бұл Калифорнияда бензинмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салу жоспарынан бес жыл бұрын іске аспақшы.
Заманауи автокөлікті ойлап тапқан компания ретінде Mercedes автокөлік эволюциясының келесі қадамына дайын сияқты көрінеді. Тиімді әрі нақты автономды мүмкіндіктері бар электромобильдер өндірісіне көшуге барлық күш-жігерін жұмылдыру арқылы қол жеткізбек.