Samsung өзінің инновациялық идеялары iPhone-ден алда екенін көрсетті. Бұл туралы SlashGear.com сайтында жарияланған материалға сүйеніп Aikyn.kz хабарлайды.
Samsung-тың «Шарбақ сыртында» деп аталатын соңғы жарнамасында Apple туралы айтылмағанымен қоршалған бақта өмір сүреді және экожүйеден тыс инновацияларды кеш ұсынады деген мазмұнда Apple-дің қайтадан троллингке ұшырағанын байқатады.
Жарнамада Apple жанкүйерінің жиналмалы телефондар (Samsung-тың) орналасқан жаққа секіріп өтпек болғаны көрсетіледі. Әрине, бұл нақты корейлік компанияға байланысты айтылған тәсіл. Өйткені компания қазір Galaxy Z Flip 4 және Galaxy Z Fold 4 сияқты жиналмалы телефондар сатады.
Ал, Apple жиналмалы телефонды әлі шығарған жоқ және оның қашан болатыны туралы ресми ақпарат та таралмады.
[caption id="attachment_226371" align="aligncenter" width="1225"] «Шарбақ сыртында» қалды деген компаниялардың бәсі қызып тұр. Фото Shutterstock сайтынан алынды[/caption]
Samsung жарнамасында Apple смартфондарының экожүйесінде тұнықтығы жоғары камералардың жоқтығы да айтылған.
iPhone-да 12 МП сенсорды жылдар бойы қолданғаннан кейін, Apple iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max құрылғыларында ғана 48 МП негізгі камераға ауысты.
Екінші жағынан, Samsung қазірдің өзінде Galaxy S22 Ultra сияқты флагманында 108 МП камераны ұсынады.
[caption id="attachment_226372" align="aligncenter" width="1225"] Достар ма, бәсекелестер ме? Неліктен Samsung пен Apple бір-бірінсіз тыныш өмір сүре алмайды. Фото Reuters агенттігінен алынды[/caption]
Кореялық компания камераны масштабтау мүмкіндіктері бойынша Apple-ден әлдеқайда алда.
Apple компаниясының ең соңғы және ең үлкен камерасының тек 3,3 есе ұлғайтатын оптикалық мүмкіндігі болса, Galaxy S22 Ultra перископ стиліндегі телеобъективі 10 есе ұлғайта алатын оптикалық диапазонға жеткен.
Дегенмен, Samsung-тың Apple-ден алда келе жатырмын дегені әрқашан тиімді маркетингтік әдіс бола бермейді.
Смартфонның қорабынан зарядтау құрылғысын алып тастағаны үшін Apple-ді мазақ еткен Samsung бірнеше жылдан кейін дәл осылай жасауға мәжбүр болды. Осылайша қателігін мойындап мысқылдаған хабарламаларын алып тастады.