Коронавирустан сауыққандардан қауіпті індет қайтадан анықталды
Коронавирустан сауыққандардан қауіпті індет қайтадан анықталды
© 24.kz
5,404
оқылды
Қытайда дәрігерлер коронавирустан сауығып, ауруханадан шығарылған науқастарда коронавирустың қайта пайда болып жатқанын анықтады, - деп хабарлады 24.kz. Бұл жағдайдың коронавирустық инфекцияның қайталануы немесе қайтадан жұқтыру екені әзірге белгісіз. Коронавирусты емдеу жөніндегі медициналық топтың жетекшісі, профессор Чжао Цзяньпиннің айтуынша, вирус денеден толық жойылмауы немесе антителдер жеткіліксіз шығарылуы мүмкін. Ол осыған байланысты ауруханадан шығарылған науқастардың тағы 14 күндік қосымша карантинге алынуы керек екенін айтты.