Қостанай облысында жүкті әйел ауруханада қайтыс болды
Қостанай облысында жүкті әйел ауруханада қайтыс болды
Фото: yandex.kz
686
оқылды
Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы ауруханада жүкті әйел қайтыс болды, – деп хабарлады Aikyn.kz. Tobolinfo.kz-тің мәліметінше, әйелдің артында үш кішкентай баласы қалды. 31 жастағы жүкті әйелдің ауруханада қайтыс болғанын Денсаулық сақтау басқармасы растады.
«Мамандар қызметтік тексеру жүргізілді. Сырттай тексерулер де тағайындалды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен Астана қаласының Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы Жітіқара ауруханасындағы әйелдің өліміне қатысты тексеру жүргізіп жатыр» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін «Қалған өмірім сотпен өтсе де, арыз жазамын» деген марқұм келіншектің туыстары туралы жазған болатынбыз.