Суперкомпьютер ақырзаман болатын жылды анықтады
Суперкомпьютер ақырзаман болатын жылды анықтады
Жердегі өмір тоқтай ма? Сурет Getty Images фото банкінен алынды
1,179
оқылды
Британдық The Daily Star таблоиды өркениет кезеңдерін болжайтын World One суперкомпьютері адамзаттың жойылу кезеңін анықтағанын жазды. Суперкомпьютер 2040-2050 жылдары адамзат өркениетінің күйрейтінін болжаған. Бұл туралы Aikyn.kz басылымға сілтеме жасап хабарлайды. [caption id="attachment_226741" align="aligncenter" width="1763"]Рисунок2 Адамзат өркениетінің күйрейтіні рас па? Өркениетке төнген қауіптің алдын алуға ғалымдар да, әлем саясаткерлері де ойлануы тиіс. 
Сурет Getty Images фото банкінен алынды[/caption]
1970 жылдары Рим клубы тапсырыс берген компьютер жердегі өркениет 2050 жылы апат болады деп есептейді.
Ақырзаманның себебі адамдардың өмір сүру дағдыларымен байланысты, атап айтқанда, қоршаған ортаның ластануы мен оның жағымсыз салдары болмақ. [caption id="attachment_226742" align="aligncenter" width="1786"]Рисунок3 2050 жылдары планетада өркениетті өмір жойылады» дейді суперкомпьютер. Сурет Getty Images фото банкінен алынды[/caption]
«Шамамен 2040 және 2050 жылдар аралығында бұл планетада біз білетін өркениетті өмір жойылады», – делінген болжамда. Тіпті «экологиялық таза» автокөліктерге толық көшу және тууды қатаң бақылау да жағдайды оңалта алмайды.
The Daily Star сонымен қатар World One-ның 2020 жылға арналған бұрынғы болжамында планетаның жағдайы «өте қиын» болады деп мәлімдегенін еске салады. [caption id="attachment_226743" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок4 Әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер АҚШ-тың Ок-Ридж ғылыми-зерттеу орталығында орналасқан. Сурет cnews.ru сайтынан алынды[/caption] Климатты болжау маманы Йохан Рокстрем бұған дейін 50 жылдан аз уақытта Бразилиядан, Үндістаннан, Африканың кейбір бөліктерінен және Таяу Шығыстан ауа температурасының көтерілуіне байланысты жаппай эмиграция басталуы мүмкін екенін айтты.
Ғалымның болжамы бойынша, 2,4 градус жылыну Жерге алдын ала болжау мүмкін емес қауіп төндіреді және өмірді күрт өзгертеді.
Мүмкін, планетаның бір бөлігі өмір сүруді тоқтатады. Адамзат өркениетінің сынаққа жақын қалғаны ғалымдарды да, әлем елдерін де ойландыруы тиіс.