Рудныйда ағайынды екі бүлдіршіннің өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысы белгілі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Рудныйда балалар өлімі фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп, балалардың улану фактісі расталды. Тергеу аясында тағы бір сараптама тағайындалды, ол тергеу барысында сарапшыға қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс», – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Рудныйда алты жасар ағайындылардың ауруханадан шыққан соң кенеттен қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.