АҚШ-тың «құпия» ғарыш кемесі Жерге оралды
АҚШ-тың «құпия» ғарыш кемесі Жерге оралды
Сурет United States Space Force сайтынан алынды
1,427
оқылды
АҚШ ғарыш күштерінің X-37B ғарыш кемесі 12 қараша күні Жерге оралды. Роботтық кеме орбитада рекордтық 908 күннен кейін NASA-ның Флоридадағы қону алаңына сәтті қонды. Бұл туралы АҚШ-тың Ғарыш күштеріне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. Orbital Test Vehicle-6 (OTV-6) миссиясы 2020 жылдың 17 мамырында басталған.
Боинг корпорациясы жасаған ұшқышсыз әрі қайта пайдалануға болатын автономды ғарыш кемесінің миссиясы әскери құпия болып саналады.
Мамандардың айтуынша, ғарыш кемесі Күн сәулелерін пайдалану мен қысқа толқындар арқылы энергияны Жерге тасымалдау сияқты эксперименттер жүргізген. [caption id="attachment_227669" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок2 АҚШ әскерилері ғарыштан жаңадан келген кеменің жағдайын бағалауда. Сурет United States Space Force сайтынан алынды[/caption] NASA-ның тағы бір тәжірибесі ғарыш стансаларында өсірілетін дақылдарға байланысты. Жоба ұзақ уақыт ғарыш кеңістігінде болу өсімдіктердің тұқымына қалай әсер ететінін зерттеуге арналған.
Ғалымдар тұқымның тұрақтылығы мен ғарыштық ортаның ерекше кернеулеріне, әсіресе радиацияға бейімділігіне қызығушылық танытады.
Тұқымдық тәжірибе болашақ планетааралық миссиялар үшін ғарыштық өсімдік шаруашылығын және ғарышта тұрақты қоныстанған базаларды құру мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет. [caption id="attachment_227670" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок3 АҚШ-тың құпия миссиясына қатысқан роботтық кеме. Сурет United States Space Force сайтынан алынды[/caption] «X-37B үкімет пен ықпалды топтар қолдайтын эксперимент шекараларын кеңейте береді», – дейді Бағдарлама директоры подполковник Джозеф Фрищен.
Оның айтуынша, орбитада эксперименттер жүргізіп, нәтижелерін терең талдау үшін Жерге қауіпсіз жеткізу мүмкіндіктері Әуе күштері департаменті мен ғылыми қауымдастық үшін құнды тәжірибе болған.
OTV-6-ға қызмет көрсету модулін қосу арқылы көп эксперименттер жүргізілді. Бұл құпия миссиялар бұдан ары да жалғаса береді.