Ресей хакерлері Илон Масктың жүйесіне шабуыл жасады
Ресей хакерлері Илон Масктың жүйесіне шабуыл жасады
Ресейлік Killnet хакерлер Илон Масктың Starlink қызметін уақытша істен шығарды. Фото Getty Images агенттігінен алынды
501
оқылды
Ресейлік Killnet хакерлер тобы Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Масктың Starlink қызметіне шабуыл жасады. Бұл туралы топтың Telegram желісіндегі аккаунтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_228115" align="aligncenter" width="1739"]Рисунок2 Америкалық спутниктік байланыс пайдаланушылары сайтқа кіре алмайды. Фото Getty Images агенттігінен алынды.[/caption] «Америкалық спутниктік байланыс пайдаланушылары сайтқа кіре алмайды: кіру парағын жүктеуге көп уақыт кетеді, содан кейін ол қателікті көрсетеді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Killnet Starlink дерекқорына мыңдаған гигабайт цифрлық қоқыс төгемін деп қорқытты. Осы жарияланым кезінде қызмет әлі де қолжетімсіз болып тұр.
[caption id="attachment_228116" align="aligncenter" width="1756"]Рисунок3 Бұған дейін Killnet Ақ үй сайтының жұмысын тоқтатқаны хабарланған болатын. Сынақ шабуылы 30 минутқа созылған. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Бұған дейін Killnet Ақ үй сайтының жұмысын тоқтатқаны хабарланған болатын. Хакерлердің айтуынша, ұжымдық сынақ шабуылы 30 минутқа созылған.
Killnet осылайша «АҚШ президенті Джо Байденді зейнеткерлікке шығарып салдық» деп түсіндірді.