Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде тіркелді
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде тіркелді
604
оқылды
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде тіркеді. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» және «Сайлау туралы» конституциялық заңдарға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының қаулысын қабылдау қажет», – деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров. ОСК мүшелері 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауының қорытындыларын анықтау туралы қаулыны бірауыздан қабылдады. «Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады», – деді ол.