Нью-Йоркте майнингке шектеу қойды
Нью-Йоркте майнингке шектеу қойды
Нью-Йорк штаты екі жылға экологиялық емес көздерден электр қуатын алатын майнинг фермаларға шектеу қойды. Фото Getty Images сайтынан алынды
1,164
оқылды
Нью-Йорк штатының губернаторы экологиялық таза емес көздерден электр қуатын алатын майнинг фермаларға екі жылға шектеу қойды. Тиісті заңды губернатор Кэти Хоукул бекітті. Шектеу талаптарын жазған Politico басылымына сілтеме жасап, Aikyn.kz енді криптовалюта әлемнің қаржы орталығында қалай өндірілетінін хабарлайды. Рисунок5 Алтыннан да қымбат биткоин осындай фермаларда өндіріледі. Фото Getty Images сайтынан алынды [caption id="attachment_229176" align="aligncenter" width="1722"]Рисунок2 Бұдан былай қазба отыннан алынған электр қуатын пайдаланатын криптовалюта өндірушілері лицензия ала алмайды. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Шектеулер экологиялық таза емес көздерді пайдалана отырып, цифрлық валюталарды өндіруге әсер етеді. Бұдан былай қазба отыннан алынған электр қуатын пайдаланатын криптовалюта өндірушілері лицензия ала алмайды.
Бір қызығы, заң жобасын маусым айында Нью-Йорк сенаты мақұлдағанымен, алғашында губернатор Хоукул оған қарсы болған. Кейіннен губернатор 2 жылдық мораторий көмірмен жұмыс істейтін ескі электр стансаларын қайта іске қосып, майнингпен айналысатын фермалар көміртегі шығарындысын көбейткенін айтқан.
Сондықтан бұған тосқауыл қою үшін мораторий маңызды қадам деп атады. Сондай-ақ құжат тау-кен өнеркәсібінің табиғатқа әсерін зерттеу үшін мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау департаментіне зерттеу жүргізуді міндеттейді. [caption id="attachment_229171" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Нью-Йорк штаты майнинг өндіруге арналған арзан электр энергиясы  көздерінің болуына байланысты криптовалютаны өндіру үшін қолайлы орын болып саналады. Фото politico.com сайтынан алында[/caption]
Бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған компанияларға жұмысын жалғастыруға рұқсат етіледі. Сонымен бірге мораторий жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын компанияларға қолданылмайды.
Криптовалюта лоббиінің өкілдері заң жобасы Нью-Йорк үшін зиянды экономикалық зардаптарға әкелуі мүмкін деп алаңдайды. Штат майнинг өндіруге арналған арзан электр энергиясы  көздерінің болуына байланысты криптовалютаны өндіру үшін қолайлы орын болып саналады. Бірақ майнинг фермалары бұрын жабылып қалған көмір жағатын электр стансаларын қайта іске қосып, арзан энергияны қолданған. [caption id="attachment_229177" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Майнинг фермалары бұрын жабылып қалған көмір электр стансаларын қайта іске қосып, арзан энергияны қолданған. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Криптовалюта өндіруші компаниялар мораторий қабылданса, аймақты тастап Техас сияқты штаттарға кетеміз деп мәлімдеген.
Олар мораторий ұзартылуы немесе майнингке мүлдем тыйым салуы мүмкін деп қорқады.