Президент бес агенттіктің төрағасын тағайындады
Президент бес агенттіктің төрағасын тағайындады
Фото: ortcom.kz
1,272
оқылды
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бес агенттік, Президенттің Іс басқарушысы мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды. Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.