Кеше, бір апат бұрын жоғалып кеткен ақтөбелік блогер Мұрат Бірмағамбетов қаза болғанын хабарлаған болатынбыз.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 қараша күні «Жеңіс» шағынауданында болды.
«Сағат 10.40-та 7-үйдің жанынан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол жетінші қабат балконынан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнынан марқұмның өзі жазып кеткен жазба табылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.