«AMANAT» екібастұздықтармен бірге
«AMANAT» екібастұздықтармен бірге
426
оқылды
Қақаған қыста Екібастұз қаласының жылусыз қалғаны туралы ақпарат қоғамды дүр сілкіндіргені белгілі. Бүгінде бүкіл қазақстандықтар оларға көмек қолын созып жатыр. «AMANAT» партиясы да апат туралы хабар шыққан бойдан шұғыл жәрдемдесу шараларын қолға алды. Бұл туралы партия Төрағасы Ерлан Қошановтың өзі Facebook парақшасында жазды. «Екібастұздағы төтенше жағ­дай күллі қазақстандықтарды алаңдатуда. Қазір бұл мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Қаладағы ахуал Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Мәжіліс депутаттары да елмен бірге! Халыққа шұғыл көмек көрсету мақсатымен кеше «AMANAT» фракциясының де­путаттары Екібастұз қаласына жолға шықты.
Кешке дейін зардап шеккен тұрғындарға партия тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Әсіресе, жылы киімдер, көрпе-жас­тық және қазіргі уақытта ең қа­жетті жылытқыш құралдармен қамтамасыз етеді», –  деп жа­риялады ол.
Екібастұзға аттанған депу­таттардың арасында Жанарбек Әшімжан да бар. Олар тұрғын­дармен жолығып, проблемаларын зерделеп, жергілікті әкімдікке қолдан келгенше көмек көрсетуге әзір. Депутаттар энергетикалық қауіп­сіздік мәселесімен жергілікті жерде танысып, оны сақтау мәсе­лесін республикалық деңгейде көтереді. көмек «Осындай ауыр сәтте елмен біргеміз. Негізгі мақсат – жедел түр­де жүзеге асырылуы тиіс әлеу­меттік мәселелерді жергілікті ат­қарушы билікпен бірге ұйым­дастыру. Кеше түнде қаладағы 149 көп­пәтерлі тұрғын үйдің 129-на, 15 әлеуметтік нысанның 10-ына жедел жылу берілді. Қосымша төрт қазандық іске қосылды. Қазір қалған бес әлеуметтік ны­санның, 17 көпқабатты үйдің жылу беру жүйесі қалпына кел­тіріп жатыр.
Екібастұздағы оқушылар он­лайн режиміне көшті. Балабақ­шалардың жұмысы уақытша тоқ­татылды. Емдеу мекеме­ле­ріндегі температуралық режим күні бойы 20-25ºС шегінде сақ­талып тұр. Қалада сенім телефоны жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру үшін қосымша 12 эвакуациялық пункт ашылды», – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.
Бүгінде Екібастұзда тұр­ғындарға көмек көрсету бойынша волонтерлер штабы жұмыс істеп жатыр. Ол Жастар бастамаларын дамыту орталығында орналасқан. «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нияз Макраев мобильді бригадалар құрамындағы қоғам белсенділері үй-үйді аралап жүр­генін хабарлады. Жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жи­налуда. Осы жерде Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мү­шесі, Ұлттық волонтерлер же­лісінің төрағасы Вера Ким де жұмыс істеп жатыр. 27 қарашада штаб қала тұр­ғындарына 50 жылытқыш үлес­тірді және апаттық бригадалардың жұмысшылары үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Волонтерлер штабы қазіргі уақытта ком­му­налдық қызмет жұмысшыларына жылытқыштар мен жылы аяқ киімдер қажет екенін айтты. 28 қараша күні сағат 13.00-де «AMANAT» партиясының об­лыстық филиалынан гуманитар­лық көмек жіберілді. Сондай-ақ, Екібастұз қаласы Жастар бас­тамаларын дамыту орталығы ба­засында авариялық бригадаларға қолдау көрсетіліп, ыстық тамақ ұйымдастырылды. Еріктілер штабына жедел желі телефондары арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ, барлық ниет білдірушілер партияның филиал­дары арқылы көмек көрсете ала­ды. Волонтерлік штаб қазіргі уақытта жылытқыштарға, ком­муналдық қызмет жұмыскерлеріне арналған жылы аяқ киімге (чеботтар) қажеттілік бар екенін атап өтті.