Венесуэлада 1 биткоин өндіруге қажет электр энергиясы үшін 246 530 доллар, ал Кувейтте бар болғаны 1 394 доллар төлейді. Aikyn.kz 2022 жылдың 23 наурызындағы бағалар мен салыстырмалы шығындарды пайдалана отырып, бүкіл әлем бойынша биткоин өндірудің болжалды құнын Profinance-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бір биткоин өндіру үшін орташа есеппен 1450 кВт/сағ энергия қажет. Бұл орташа америкалық үй шаруашылығына шамамен 13 жыл бойы тұтынатын көлемге тең.
Биткоиндерді өндіруге қажетті энергияның үлкен көлемін ескеретін болсақ, бұл қымбат болуы мүмкін. Бірақ нақты бағалар фермалардың орналасқан жеріне және аймақтағы электр энергиясының құнына байланысты өзгереді.
[caption id="attachment_230095" align="aligncenter" width="1697"] 2022 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша бір биткоин өндірудің орташа құны әлемде 35 404,03 доллар болды. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
VisualCapitalist талдаған 198 елде 2022 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша бір биткоин өндірудің орташа құны 35 404,03 долларға тең болды. Бұл кезде биткоинның нарықтағы құны 20 900 доллар еді.
Электр энергиясы бағасының ауытқуы мен өндірушілер саны өзгеруіне байланысты биткоин өндіруге қажетті электр энергиясының көлемі мен бір биткоинді өндіру құны үнемі өзгертіп отырады. Төмендегі кестеде 15 шілдедегі жағдай бойынша бір биткоин өндірудің ең төмен құны тіркелген 10 ел келтірілген. Ортаңғы бағанда 1 биткоинді өндіру құны, оң жақ бағанда 1 биткоинды сатудан көретін пайдасы көрсетілген.
[caption id="attachment_230096" align="aligncenter" width="1225"] Қазақстан әлемде биткоин өндіруге арзан әрі тартымды елдердің алғашқы ондығына енеді. Салыстырмалы түрде электр энергиясы бізде арзан. Фото profinance.ru сайтынан алынды[/caption]
Венесуэла биткоиндерді өндіруге ең қымбат елдердің рейтингінде бірінші орында: мұнда оның құны 246 530,74 доллар тұрады, яғни бұл бизнес өте тиімсіз.
Биткоин өндіруде ең арзан ел – Кувейт. Кувейтте бір биткоинді өндіру $1 393,95 тұрады, яғни өндірушілер әр цифрлық монетадан $19 469,74 пайда таба алады (биткоиннің сол кездегі бағасы бойынша).
Бұл Таяу Шығыс елінде электр энергиясы бар әлем бойынша ең арзан: бір киловатт-сағат орташа есеппен небәрі 3 цент тұрады. Солтүстік Америкада бір кВт/сағ орташа құны – 21 цент.
[caption id="attachment_230097" align="aligncenter" width="1626"] Әлемдегі ең арзан электр энергиясы Кувейтте: бір киловатт-сағат орташа есеппен небәрі 3 цент тұрады. Солтүстік Америкада бір кВт/сағ орташа құны – 22 цент. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Қазақстан да әлемде биткоин өндіруде тартымды елдердің алғашқы ондығының қатарына қосылған. Өйткені, салыстырмалы түрде электр энергиясы бізде де арзан.
Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметі бойынша 2019 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың сәуірі аралығында Қазақ елінің әлемдегі майнингтегі үлесі 1,4%-дан 8,2%-ға дейін өскен.
Бұның тағы бір себебі Қытай билігі жергілікті биткоин өндірушілерге қысым көрсетіп, өндіруші фермалардың 90% -дан астамы жабылуы әсер етті. Сондықтан Қытайдағы майнинг фермалары өз бизнесін біздің елдің аумағына көшіруге мәжбүр болды.
Майнинг фермаларының қызметін ретке келтіріп, көлеңкеден шығару үшін Қазақстан билігі оларға заңнамалық талаптарды күшейтті, салық жүктемесін көбейтті. Олар қолданатын электр энергиясының бағасын өсірді.