Президент Атырау облысының әкімін тағайындады
Президент Атырау облысының әкімін тағайындады
Фото: gov.kz
860
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау облысының әкімі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын» делінген Жарлықта.
Серік Шәпкенов 1979 жылы 29 шілдеде туған. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик. 2000 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы. 2001 жылы Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы. 2002 жылдың маусымынан – Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан бас маманы. 2006 жылдың қаңтарынан – БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы. 2006 жылдың наурызынан – БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы. 2007 жылдың қаңтарынан – БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары. 2007 жылдың қазанынан – БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2009 жылдың қыркүйегінен – Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы. 2014 жылдан – ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі. 2018-2020 жылдары – Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2021 жылдың қаңтар айынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет атқарды.