Илон Маск 7 500 спутник ұшырады
Илон Маск 7 500 спутник ұшырады
SpaceX ғарыш компаниясына екінші буын Starlink Gen2 спутниктерін орбитаға жіберуге рұқсат берілді. Фото habr.com сайтынан алынды
978
оқылды
АҚШ-тың Байланыс бойынша федералды комиссиясы (FCC) SpaceX ғарыш компаниясына екінші буын Starlink спутниктерін орбитаға жіберуге рұқсат берді. Starlink – Илон Масктың Жер шарының көп бөлігін қамтитын спутниктік интернет қызметі. Спутниктер жоғары жылдамдықты кабельді интернет үшін инфрақұрылымды орнату өте қымбат немесе іс жүзінде мүмкін емес аймақтарда интернет тарату қызметін қамтамасыз етеді. Starlink жүйесінің артықшылығы мен спутниктердің Gen2 буыны туралы Aikyn.kz жаңа технологияларға арналған SlashGear порталына сілтеме жасап хабарлайды. [caption id="attachment_230518" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок2 Starlink спутниктерін ғарышқа Falcon 9 зымырандары шығарады. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Starlink қазір бірнеше формада қолжетімді. Ең қарапайым деңгейде интернет сигналын қабылдау үшін абонент тәрелке сатып алып интернетке қосылады. Ғарыштағы спутниктер саны аз болғандықтан, кейбір аймақтарда пайдаланушылар тым көп болса, онда интернеттің жылдамдығы айтарлықтай баяулайды.
Ал Starlink RV – жолда пайдалануға болатын сәл қымбатырақ қызмет. Абоненттер санының көп болуына байланысты оған қосылғандарға да жылдамдық шектеулері болуы мүмкін. [caption id="attachment_230519" align="aligncenter" width="1224"]Рисунок3 Ғарыштағы Starlink спутниктері жүйесі бұдан да тығыз бола түседі. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Үшінші форма қалтасы қалың адамдарға арналған. Олар жеке яхтасына немесе ұшағына Starlink интернетін орната алады. Шығындары да астрономиялық сандардан тұрады: тек аппараттық құралдар 150 000 доллар тұрады. Ал қызмет құны – айына 25 000 доллар. Сапалы интернет ұсына алатын Starlink-те кемшіліктер де бар. Кеңжолақты интернеті жоқ елдерде немесе алыс аймақтардың тұрғындарына Starlink әр уақытта байланыста болуға мүмкіндік береді.
Дегенмен  жүйе мінсіз емес және қазірдің өзінде бірқатар кемшілігі бар екенін көрсетті. Біріншіден, бұл кабельдік интернет сияқты сенімді әрі жылдам емес. Starlink премиум пакеті айына $500 тұрады және ең жоғары жылдамдығы – 500 Мбит/с. Оның негізгі пакеті әлдеқайда арзан, бірақ ең жоғары жылдамдығы –250 Мбит/с.
[caption id="attachment_230520" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Starlink тәрелкесін ағаштар жауып тұрса, аспан бұлтты болса байланыс сапасы төмендейді. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Халық тығыз қоныстанған аудандарда спутниктер аз болғандықтан, жоғары жылдамдықпен интернетке қосылуда Starlink жүйесінде қиындықтар бар. Әрбір спутниктің қызмет көрсету мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, қолданушылар көп аймақтарда Starlink-тің жылдамдығы айтарлықтай төмен. Егер Starlink тәрелкесін ағаштар жауып тұрса, аспан бұлтты болса да сигнал нашар болып, байланыс сапасы төмендейді.
Екінші буынды жаңа спутниктер кейбір мәселелерді шешуге көмектеседі деп күтілуде. Байланыс бойынша федералды комиссия (FCC) SpaceX-ке 7 500 спутникті төмен орбитаға шығаруға рұқсат берді.
Бұл – компанияның қазіргі желісіндегі ғарыш аппараттарынан 4 000-ға көп және «екінші буын» спутниктік желісі жоспарланған 29 988 спутникке жету жолындағы үлкен қадам. Бұған дейін интернет-компания бірінші буынды желісі үшін 4 500 спутникті ұшыруға рұқсат алған. [caption id="attachment_230521" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок5 FCC өкілдері «бәсекелестікті ынталандырып, болашақта пайдалану үшін жиілік спектрі мен орбиталық ресурстарды қорғауды» көздейді. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Рұқсат беру процедурасын түсіндірген FCC өкілдері мынадай мәлімдеме жасаған: «Біз берген келісім SpaceX-ке Gen2 Starlink-ті орналастыруды бастауға мүмкіндік береді. Ол бүкіл елдегі америкалықтарды, соның ішінде жерүсті жүйелермен дәстүрлі түрде қызмет көрсетпейтін немесе жеткіліксіз қызмет көрсететін аймақтарда тұратын, жұмыс істейтіндерді қоса алғанда, келесі ұрпақтың спутниктік кеңжолақты байланысын қамтамасыз етіп, жаһандық цифрлық теңсіздікті жоюға көмектеседі».
Осындай оң пейілге қарамастан, SpaceX өздеріне қажеттінің бәрін ала алмады. Өтінімнің бір бөлігі өтпеді және оларды реттеуші кері қайырды. Бұл туралы хабарламада: «...Бұл шектеулі келісім және басқа спутниктік, жерүсті операторларын зиянды кедергілерден қорғайды. Біз бәсекелестікті ынталандырып, болашақта пайдалану үшін жиілік спектрі мен орбиталық ресурстарды қорғау арқылы қауіпсіз ғарыштық ортаны қолдайды».
SpaceX және Starlink үшін екінші буынды спутниктерді ғарышқа шығаруға  үлкен жетістік. Gen 2 арқылы Starlink спутниктік интернет жылдамдығын өсіруге, ауқымын кеңейтуге мүмкіндік алады.