Екібастұзда бүгін кешке дейін 11 үйге жылу беріледі
Екібастұзда бүгін кешке дейін 11 үйге жылу беріледі
497
оқылды
Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апатты қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатқанын хабарлады. 4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделуде.
"Пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. 11 үйге күннің соңына дейін жылу беру жоспарланып отыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды.