Боран, қар, тұман: 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Боран, қар, тұман: 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
591
оқылды
«Қазгидромет» синоптиктері 4 желтоқсан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста, орталықта, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады. Ал Қазақстанның батыс аумағы антициклон ықпалында болады. Соның салдарынан көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын соғады. Батыста, оңтүстікте, орталықта және таулы аймақтарда тұман түседі.