Индонезияда Семеру жанартауы атқылады
Индонезияда Семеру жанартауы атқылады
360
оқылды
Индонезияда былтыр 50 адам қаза болған жанартау атқылады, – деп хабарлайды Life. Елдің табиғи апаттарды азайту агенттігі мәліметінше, Индонезияның шығыс Ява провинциясында Семеру жанартауы атқылаған. Әлеуметтік желілерде қолданушылар оқиға орнынан түсірілген видеоларды жариялап жатыр. Жергілікті биліктің айтуынша, жанартау салдарынан күл мен түтін бір жарым мың метрге жеткен, ал оған бес шақырымға жақындауға тыйым салынған. Қаза болғандар мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, 2021 жылғы 4 желтоқсанда Семеру жанартауы атқылай бастаған еді. Оның құрбандарының саны 50 адамға жеткен болатын.