Қытай Айда атом стансасын салады
Қытай Айда атом стансасын салады
Қытай 2027 жылға дейін Айда базалық станция салады. Фото Getty Images сайтынан алынды
1,201
оқылды
Қытай Айда базалық станса салуға күш салып жатыр. 2021 жылдың желтоқсанында South China Morning Post басылымы қытайлық ғарыш бағдарламасына жауапты органдар 2027 жылға қарай Айда станса салатынын жариялады. Aikyn.kz бұл стансаның параметрлері жайында slashgear.com технологиялық платформасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қытай ғарыш бағдарламасына өзгерістер енгізген сияқты. Жаңа ақпараттарға сәйкес, Қытай елі 2028 жылға қарай Жердің жалғыз табиғи серігінде базалық станса салуды көздеп отыр. The Eurasian Times басылымының жазуынша, ол атом қуатымен жұмыс істейтін болады.
[caption id="attachment_230616" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок1 Атом электр генерациялаудың қытайлық жүйесі 1 мегаватт электр энергиясын өндіруге арналған. Фото NASA сайтынан алынды[/caption]
Айда базалық станса құрудың өзі үлкен амбицияны көрсетеді. Оны қашықтан басқарылатын атом электр генерациялау жүйесімен қуаттандыру бұрын ғылыми қиялға жақын болса, жаңа технологиялық шешімдер дәуірінде жоба, шын мәнінде  іске асырылуы мүмкін. Бұл жобаға жақын ақпарат көздері Айдағы атом энергетикалық жүйесі 1 мегаватт электр энергиясын өндіруге арналғанын айтады.
Жобада жұмыс істеп жатқан екі ғалым ақпарат агенттігіне машинаның прототипі әзірленіп, кейбір бөлшектері дайындалып қойғанын айтқан. Құрылғының электр қуатын өндіру мүмкіндігі өте зор. АҚШ та бұл бағытта зерттеулер жүргізіп келеді. NASA АҚШ-тың Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, 40 киловатт қуат өндіре алатын (Қытайдың жоспарланған қуатының шамамен 4%) және кемінде 10 жыл жұмыс істей алатын ядролық типтегі атом реакторын салуға үш жобалық концепция әзірлеуге келісім жасаған. [caption id="attachment_230620" align="aligncenter" width="1742"]Рисунок10 Химиялық энергия және күн панельдері сияқты дәстүрлі көздермен салыстырғанда, ядролық энергия тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері мен Айда жүретін көліктерді қуаттандыру, ұзақмерзімді барлау миссиялары үшін ең тиімді энергия көзі. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Қытай ғалымдары жасап жатқан атом реакторы қоршаған кеңістікке артық жылу энергиясын тарату үшін жиналмалы қолшатыр тәрізді құрастырылған. Ал сұйық литий салқындатқыш ретінде пайдаланылады. Алайда Қытайдың Ай стансасындағы атом электр стансасының функционалдық жобалау схемасы әлі де пысықталу үстінде.
Химиялық энергия және күн панельдері сияқты дәстүрлі көздермен салыстырғанда, ядролық энергия тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері мен Айда жүретін көліктерді қуаттандыру мен Artemis сияқты ұзақмерзімді барлау миссиялары үшін ең тиімді энергия көзі болып саналады. Қазір NASA Айға және Марсқа болашақ миссиялар үшін ядролық реакторды Stirling қозғалтқышымен біріктіру жолдарын қарастыруда.
[caption id="attachment_230617" align="aligncenter" width="1949"]Рисунок2 Ядролық энергия Айда жүретін көліктерді қуаттандыру мен Artemis сияқты ұзақмерзімді барлау миссиялары үшін ең тиімді энергия көзі болып саналады. Фото Shutterstock платформасынан алынды[/caption] Бірақ Қытай экипажсыз Ай стансасын салумен шектелмей, бұл стансасын өз ғарышкерлерін Айға жіберуге негіз болатын нысан ретінде қарастыруда.
«Біздің ғарышкерлер 10 жылдан кейін Айға бара алады деп үміттенеміз», – дейді Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасының бас дизайнері Wu Weiran.
NASA болса 2024 жылға арналған болжамды ұшыру кестесі бар Artemis II ай миссиясымен Айға ғарышкерлерін жіберу жоспарынан ауытқымай жұмыс істеп жатыр.