Ғалымдар антивирустың орнына ерекше киберқорғаныс жүйесін жасады
Ғалымдар антивирустың орнына ерекше киберқорғаныс жүйесін жасады
Ресей ғалымдары жасаған киберқорғаныс жүйесі хакерлердің шабуылдары мен вирустарға қарсы тұрады. Жаңа өнім өздігінен үйренуге қабілетті және заманауи қауіптердің өзгерістеріне бейімделген. Фото Getty Images сайтынан алынды
727
оқылды
Санкт-Петербург политехникалық университетінің ғалымдары өздері жасаған киберқорғаныс жүйесі «хакерлердің шабуылдары мен вирустарға қарсы тұра алатынын» мәлімдеді. Жаңа өнім өздігінен үйренуге қабілетті және заманауи қауіптердің өзгерістеріне бейімделген. Ресейдің Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған зерттеу нәтижелері қазан айында Symmetry журналында жарияланды. Бұл туралы Aikyn.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. [caption id="attachment_230852" align="aligncenter" width="1805"]Рисунок2 Дәстүрлі әдістер есептеу және физикалық процестер бір-бірімен араласатын киберфизикалық жүйелердің кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Ақпараттық жүйелерді қорғау үшін көбінесе классикалық әдістер қолданылатыны белгілі: антивирустар, брандмауэрлер мен желіге рұқсатсыз кіруді анықтайды. Бірақ мамандар бұл шешімдердің ешқайсысы заманауи қауіптердің ерекшеліктерін, олардың үнемі модификациясын ескере алмайтынын айтады.
Сондай-ақ, дәстүрлі әдістер есептеу және физикалық процестер бір-бірімен араласатын киберфизикалық жүйелердің кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Олардың қатарында автоматтандырылған басқару жүйелері, «ақылды үйлер» және жасанды интеллект элементтері бар түрлі күрделі құрылымдар бар.
[caption id="attachment_230853" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Киберфизикалық жүйелерді адам күнделікті өмірде жиі қолданады. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
«Киберфизикалық жүйелер әртүрлі сенсорлардан, атқару тетіктерінен, басқарушы құралдардан және басқалардан тұрады. Мұндай жүйелерді адамдар күнделікті өмірде қолданады, стратегиялық нысандар жұмысының маңызды ажырамас бөлігі», – дейді Санкт-Петербург политехникалық университетінің Киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау институтының доценті Тигран Овасапян.
[caption id="attachment_230854" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Жаңа қорғаныс әдісінің кибер-қауіптерге қарсы жұмыс қабілеттілігі жоғары деп бағалануда. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Университет ұсынған әдіс бір-бірімен өзара әрекеттесетін түйіндердің үлкен желісінің жұмысына негізделген. Олардың әрқайсысында көрші түйінге қатысты ықтимал әрекеттер жиынтығы бар. Қауіптерге қарсы жұмыс қабілеттілігі зиянды немесе ақауы бар түйіндегі өзгеріс арқылы анықталып, қарсы шешім қабылданады.
«Өзін-өзі үйренетін киберқорғаныс алғаш рет кеңес ғалымы Михаил Цетлин ұсынған математикалық модельге негізделген. Ал, біздің жүйе өзгермелі жағдайларға бейімделуімен ерекшеленеді», – деп түсіндіреді Овасапян.
Бұл тәсіл деректердің жоғалу пайызын азайтып, желінің қызмет мерзімін ұзатады. Қазірдің өзінде классикалық әдістермен салыстырғанда жаңа киберқорғаныс жүйесінің тиімділігі айтарлықтай жоғары екенін көрсеткен.