Коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп, алты адамның халі нашарлады
Коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп, алты адамның халі нашарлады
Фото: radiosputnik.ria.ru
510
оқылды
Бір тәулікте 175 адамнан коронавирус, 10 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, коронавирустан – 1 255 (КВИ+), пневмониядан – 192 (КВИ-), барлығы 1 447 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 203 пациент стационарда, 1 244 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 6 адамның жағдайы ауыр; – 4 пациенттің жағдайы өте ауыр; – 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Айта кетейік, күннен-күнге коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп келе жатыр.