Ғарышты қоқыстан тазалайтын сыпырғы табылды
Ғарышты қоқыстан тазалайтын сыпырғы табылды
Жер орбитасында 7000-нан 10000 мың тоннаға дейін жасанды қалдықтар ұшып жүр. Оның ішінде он сантиметрден асатын 15 мың фрагмент, бір сантиметрден он сантиметрге дейін 200 мың фрагмент бар деп болжануда. Фото Getty Images сайтынан алынды
1,044
оқылды
Адамзат ғарышты игере бастаған 70 жылда Жер орбитасында 7 000-нан 10 000   тоннаға дейін жасанды қалдықтар ұшып жүр. Орбитада он сантиметрден асатын шамамен 15 мың фрагмент, бір сантиметрден он сантиметрге дейін 200 мың фрагмент бар болуы мүмкін. Диаметрі 1 сантиметрден кіші ондаған миллион фрагмент тағы бар. Ресейлік ғалымдар ғарыш аппараттарының жаңа түрін – тазартқыштар жасаудың ғылыми негізін жасады. Технология қазірдің өзінде бар. Бұл ғарыштағы сыпырғы туралы Aikyn.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. [caption id="attachment_231394" align="aligncenter" width="1650"]Рисунок11 Орбитадағы істен шыққан ғарыш аппараттары Халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істейтін ғарышкерлерге қауіп төндіреді. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Орбитадағы барлық кішкентай нысандар ғарыш аппараттары мен ғарышкерлерге қауіп төндіреді. Халықаралық ғарыш стансасы да қоқыстарды айналып өтуі жиілеп барады. Орбитада тәртіпті қалпына келтірумен әлемдік ғылыми зертханалар айналысып келеді. Зерттеу жұмыстары әлі де теориялық даму және жеке құрылымдық элементтерді сынау сатысында.
Ғалымдар жасанды объектілерді жоюдың әртүрлі концепцияларын ұсынуда. Оларды жанасу және түйіспейтін деп екі түрге бөлуге болады. Біріншісі – механикалық манипулятормен қалдықтарды жинау, гарпунмен ілу және торды пайдалануды қамтиды. Бұл әдістің кемшілігі қалдықтар өте жоғары жылдамдықпен тез айналады және олармен тікелей әрекеттесу тазалау құрылғысының өзіне қауіпті. Екінші жол – орбиталық қоқыстарды қашықтан жою. Мұнда да бірнеше жол бар: көбікті қолданудан бастап лазерге дейін.
Ең тиімді деп сыртқы ион ағыны әдісі саналады. Мұнда тазалағыш аппарат ғарыштық қалдыққа жақындап,  иондық ағын жіберіп, қоқысты ағымдағы орбитадан итеріп, Жерге немесе ашық кеңістікке бағыттайды.
[caption id="attachment_231393" align="aligncenter" width="1659"]Рисунок10 Инженерлер жақын орбитадағы қалдықтарды «Жер атмосферасына итеріп, жандырып жіберу тиімді, ал геостационарлы орбитадағы қалдықтарды сыртқы ғарыш кеңістігіне бағыттау қажет екенін  айтады. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Бірақ бұл әдістің де көптеген қиындығы  бар. Жер орбитасы екі аймаққа бөліп қаралады: биіктігі 160-тан 2 мың шақырымға дейін және геостационарлы орбита 36 мың шақырым. Бірінші төменгі орбитада ғарышкерлер жұмыс істейтін объектілер мен көптеген спутник орналасқан. Геостационарлы қашықтықта аппараттар Жердің үстіндегі бір нүктеде ілініп тұратын телекоммуникациялық спутниктер орналастырылған.
Инженерлер жақын орбитадағы қалдықтарды «Жер атмосферасына итеріп, жандырып жіберу тиімді» дейді. Ал геостационарлы орбитадағы қалдықтарды, керісінше  сыртқы ғарыш кеңістігіне бағыттау қажет. Өйткені  геостационардан 200 шақырым жоғары жерде «жерлеу» орбитасына көтерген дұрыс.
[caption id="attachment_231392" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок9 Егер 10 мыңға жуық Starlink байланыс спутниктері қоқысқа айналса, оларды ион ағынымен «сыпыруға» болады. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Ресейлік ғалымдар қалдықтарды үрлеудің барлық техникалық параметрлеріне сараптама жасап, дұрыс үрлеу арқылы қуаттың жеті пайызын үнемдеуге болатынын анықтаған.
Теориялық тұрғыда, егер 10 мыңға жуық Starlink байланыс спутниктері қоқысқа айналса, қажет болған жағдайда оларды ион ағынымен «сыпыруға» болады. Илон Маск алдыңғы бірнеше жылда ғарышқа тағы да 7 500 спутник шығаратынын бұрын жазғанбыз. [caption id="attachment_231391" align="aligncenter" width="864"]Рисунок12 Жерге жақын кеңістікті тазарту бойынша әлем елдері әлі де бір уағдаластыққа жеткен жоқ. Мұның себебі әскери қауіпсіздік саласында жатыр. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Қараша айының соңында Мәскеу авиациялық институтының (МАИ) ғылыми тобы Жерге жақын кеңістікті қоқыстан қашықтан тазалауға арналған ғарыш аппаратына патент алды.
Аппарат қоқыс нысанына 40-60 метрден шабуыл жасай алады. Бірақ мамандардың айтуынша, мұндай жүйелерді жасаудағы негізгі кедергі – оның жоғары бағасы. Бір ғана үлкенірек нысанды алып тастау 10-30 миллион еуроға дейін жетеді.
Бүгінде БҰҰ Жерге жақын кеңістікті тазарту бойынша халықаралық бағдарламалар жасауды қолға алуда. Бірақ әлем елдері әлі де бір уағдаластыққа жеткен жоқ. Мұның себебі әскери қауіпсіздікте жатыр. Қалдықтарды жою технологияларын кейбір елдер қарсыластарының ғарыштық аппараттарын жоюға қолданылуы мүмкін деген қорқыныш бар.