Сотталушы Кентауда 1987 жылы 15 тамызда дүниеге келген. 2021 жылы қарашада ол қызды жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін қыздың өртенген денесі табылып, қаскөйдің өзі де ұсталды.
Оған ҚР ҚК 99-бабының 10-бөлігімен айып тағылды.
"Қылмыстық істі Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Үкім 2022 жылғы 11 мамырда шықты. Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылған", – деп хабарлады қалалық соты.
Үкім заңды күшіне енген. Сотталушы апелляциялық шағым түсірмеген.
Айта кетейік, адам өлімі 2021 жылғы қарашаның басында болған. Қайғылы оқиға 13-қабаттағы жалдамалы пәтерде болған. Пәтер тәулігіне жалға берілгені анықталды.