АҚШ ядролық бомбалаушы ұшақтарын біржола өзгертті
АҚШ ядролық бомбалаушы ұшақтарын біржола өзгертті
B-21 Raider деген атауға ие болған америкалық бомбалаушы ұшақ әуе шайқасының жаңа дәуірін бастады. Фото U.S. Air Force сайтынан алынды
1,045
оқылды
АҚШ Әскери-әуе күштері соңғы 30 жылда алғаш рет техникалық құралдарға көрінбейтін бомбалаушы ұшағын таныстырды. Northrop Grumman B-21 Raider деген атауға ие болған ұшақ әуе шайқасының жаңа дәуірін бастауға арналған. Бұл туралы Slashgear платформасында жарияланған деректерге сүйеніп Aikyn.kz хабарлайды.
Қазіргі уақытта АҚШ армиясында бомбалаушы ұшақ үш түрі қолданылады: B-52 Stratofortress, B-1B Lancer және B-2 Spirit. Бұлардың барлығы ұзақ жылдан бері қолданылып келеді. Аңызға айналған B-52 жетпіс жыл қызмет етті. 2026 жылы B-1B өзінің 40 жылдығын атап өтеді. Тіпті Американың «жасырын бомбалаушысы» атанған Spirit 30 жылдан астам уақыт бойы әуеде қызмет атқарады.
[caption id="attachment_231607" align="aligncenter" width="1220"] width= B-21 бомбалаушы ұшағы Американың әуе қорғанысындағы олқылықты түзетіп, ескі ұшақтардың орнын ауыстырады. Фото АҚШ-тың Department of Defense сайтынан алынды[/caption] Заманауи соғыс адам басқарылатын қорғаныс платформаларынан ұшқышсыз соққылар мен дәлдікпен басқарылатын оқ-дәрілерге көшкендіктен, ескі ұшақтар қолданыстан алына бастады, әсіресе жаңа қытайлық Сиан Н-20 және ресейлік Туполевтің ПАК DA жақында әскери қолданысқа енгізіледі. Осындай бәсекелестік кезінде Northrop Grumman компаниясы америкалық әуе шабуылына қарсы қорғаныстағы олқылықтарды түзетіп, ескі ұшақтардың орнын ауыстыру үшін B-21 ұшағын әзірледі.
B-21-дің артықшылығы оның автономды мүмкіндігінде. Теориялық тұрғыда В-21 экипажсыз ұшып соғыса алады. АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бомбалаушы ұшақ адамның басқаруымен де, ұшқышсыз да операциялар жүргізуге арналған.
Алайда мемлекеттік және жеке сектордағы дереккөздер бұл мәлімдемені басқаша түсіндірді. Америкалық кәсіпкерлік институтының қызметкері Маккензи Игленнің «Мен ұшқышсыз технологияны әлі де байқамадым. Машина барған сайын көптеген есептеу мен шешімдер ұсынатын болады, бірақ оны қабылдау немесе қабылдамау адамның еркіне беріледі» деген сөздерін Military.com басылымы келтірген. Шектеулі автономды мүмкіндіктің өзі Американың стратегиялық бомбалаушы флотында үлкен өзгеріс болар еді». [caption id="attachment_231608" align="aligncenter" width="1220"] width= Raider америкалық бомбалаушы ұшақтардағы парадигманың ауысуы ғана емес, болашаққа жасалған қадам. Ол – жойғыш ұшақ, ақпараттық және нақты соғыс алаңы үшін жасалған цифрлық әлемнің өнімі. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Автономды ұшу мүмкіндігінен басқа, Raider қазіргі америкалық бомбалаушы ұшақтардағы осал тұстарды жоюға арналған парадигманың ауысуы ғана емес, болашаққа жасалған қадам деп саналуда. Al Jazeera-ның хабарлауынша, Raider жойғыш ұшақ, ақпараттық және нақты соғыс алаңы үшін жасалған цифрлық әлемнің өнімі.
B-21 Пентагонның бұрынғы B-2 ұшағына қарағанда айтарлықтай арзан және оның қызмет ету мерзімі ішінде қымбат емес жаңартуларға, бағдарламалық жасақтамасы ашық жүйелерге және бұлтта сақталған деректерге негізделген.