Қазақстан әлемде резервтер құрамындағы алтын қоры бойынша нешінші орында?
Қазақстан әлемде резервтер құрамындағы алтын қоры бойынша нешінші орында?
625
оқылды
Қараша айында алтын-валюта резервтері 945 млн АҚШ долларына артып, 33,9 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды. Өткен айдың ішінде ЕДБ қаражатының Ұлттық банктегі валюта шоттарынан әкетуін байқағанымызға қарамастан, резервтер алтын бағасының 7,4%-ға өсуі аясында бір унция үшін 1 639 доллардан 1 760 долларға дейін өсті. Бағалы металдың қымбаттауы АҚШ-тағы инфляция бойынша деректердің шығуына және мемлекеттік облигациялар кірістілігінің кейіннен төмендеуіне, сондай-ақ АҚШ долларының әлсіреуіне байланысты болды. Алтын бағасының өсуі аясында Ұлттық банк халықаралық резервтерді әртараптандыру үшін алтын үлесін қысқарту саясатын жалғастыру шеңберінде алтынды тұрақты валютаға сатты. Алтын-валюта активтерін аллокирлеуді әртараптандыру мен теңестіруді арттыру мақсатында Ұлттық банк жыл басынан бастап резервтердегі алтын үлесін 68%-дан 63%-ға дейін төмендетті. Алтын нарық талаптарына сәйкес толық сатылады. Бұл ретте  бағаның өзгеру тәуекелін хеджирлеу мақсатында алтынның бір бөлігі опциондық стратегияларды қолдана отырып сатылады. World Gold Council ұйымының соңғы рейтингіне сәйкес, Қазақстан резервтер құрамындағы алтын қоры бойынша 16-орында тұр. Оған қоса, Қазақстан резервтер құрамындағы алтын үлесі бойынша ең жоғары 10 елдің қатарына кіреді. Қазақстаннан басқа   82%-бен Венесуэла, 70%-бен Португалия, 66%-бен АҚШ және 65%-бен Германия сияқты елдер резервтер құрамындағы алтын үлесі бойынша көшбасшы елдерге жатады. Бұл ретте Қазақстан резервтерінің құрамындағы алтынның үлесі РФ, Ұлыбританияға, Үндістанға, Швейцарияға, Жапонияға және Қытайға қарағанда айтарлықтай жоғары, олардың резервтер құрамындағы алтын портфелі шамамен 20%, 10%, 8%, 6%, 4% және 3%-ды құрайды.