Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордада өткен демалыста, яғни 10-11 желтоқсан күндері алғаш рет Astana Food Fest гастрономиялық фестивалі өтті. Іс-шара барысында рестораторлар өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, бариста мен бармендер түрлі шеберлік сағаттарын өткізді.
Елордада жақында ашылған Гастрономиялық орталықта өткен Astana Food Fest фестивалінің мақсаты - түрлі ұлттардың тағамдарын насихаттап, елге таныту. Соның арасында 30-дан астам танымал қоғамдық тамақтану орындары атсалысты. Кеш қонақтарына дәмді тағамдардан басқа, іс-шара қонақтары бай мәдени-ойын-сауық бағдарламасын тамашалай алды. Мысалы, танымал рестораторлар тәжірибесімен бөлісіп, бармендердің керемет шоуын, LIVE тамақ дайындауды тамашалай алды. Зімбір бояуы бойынша шеберлік сабақтарына, ең жақсы баристалардан кофе дайындауға, аспаздық конкурстары өткізілді. Тіпті, хот-догтар мен бургерлерді кімнің тез жей алатыны анықталды. Байқаудың барлық қатысушылары демеушілердің түрлі сыйлықтарымен марапатталды. Мерекелік атмосфераны live-band және DJ қойылымдары да көрсетілді. Арасында мәдени-ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынылып, белгілі рестораторлар өз жетістіктері туралы ақпараттармен бөлісті.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, мұндай іс-шаралардың туризмді дамытудағы маңызы зор. Соңғы жылдары туристер құндылығы өзгерді, қазір гастрономиялық туризм қарқынды дамуда. Туристердің 40 пайызы басқа елдерге осы мақсатта барады екен. Себебі белгілі бір елді оның ұлттық тағамдары арқылы тануға болады. Елорданың да гастрономиялық туризм орталығы ретінде дамуына әлеуеті жетеді. Қазір бас қалада 1765 қоғамдық тамақтану орны жұмыс істесе, соның ішінде 298 мейрамхана, 534 кафе, 93 бар, 539 асхана және 301 өзге де нысандар бар. Бүгін фестиваль өтіп жатқан Гастрономиялық орталық туристер мен елорда қонақтарының ең көп шоғырланатын демалыс орнына айналарына сенім мол», - деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев фестивальдің ашылу салтанатында.