11 желтоқсан күні Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Камал Финиш мырзаның ұйымдастыруымен 1960 жылдың 11-желтоқсанында Алжир мемлекетін азат ету жолында құрбан болған алжирлік ержүрек қайраткерлерді еске алу рәсімін ұйыдастырды.
Бұл оқиғаға қысқаша тоқталсақ 1960 жылы, желтоқсан айында Алжирдің ірі қалаларында елдің Тәуелсіздігін талап еткен шерулер өте бастады.
11 желтоқсан, жұма күні Алжирді азат ету жолындағы күрестің тарихи бетбұрыс кезеңін айқындаған, Алжир мәселесін халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік ашқан оқиға орын алды.
Ұлт-азаттық майданын (ҰАМ) және Алжир Республикасының уақытша Үкіметін (АРУҮ) қолдау мақсатында елдің барлық ірі қалаларында демонстрациялар басталды.
Аталмыш демонстрациялар бір аптадан астам уақытқа созылды және генерал Шарль де Голльдің Алжирге сапарымен сәйкес келді.
Қоныс аударушылар, жандармдар, десантшылар мен бітімгерлер халықтың күтпеген осындай көтерілісіне таң қалды, олардың алдында жалаулары жоғары көтерілген мыңдаған демонстранттар тұрды.
Отаршыл күштер қарусыз азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуден тартынбады.
Бүкіл әлем 1960 жылғы 11 желтоқсандағы Алжирде орын алған соғыс әскери-қылмыскерлермен күрес екенін түсінді.
Сол жылы 19 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Алжир халқының Тәуелсіздік құқығын осылайша көпшілік дауыспен мойындады.