Соңғы Boeing 747 конвейерден шықты
Соңғы Boeing 747 конвейерден шықты
АҚШ Президенті үшін жаңа екі ұшақ Boeing 747-8 нұсқасынан жасалуда. Фото thedrive.com сайтынан алынды
890
оқылды

Жарты ғасырдан кейін соңғы Boeing 747 «Jumbo Jet» конвейерден шықты. Бұл - әлемге танылған кең фюзеляжды ұзақ қашықтыққа арналған әйгілі лайнер. «Аспан патшайымы» өндірісінің жабылуымен төрт қозғалтқышты авиалайнерлердің дәуірі де аяқталды. Өйткені Boeing және Airbus толықтай қос қозғалтқышты кең фюзеляжды ұшақтарға көшті. Бұл туралы thedrive.com сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

Конвейерден 6 желтоқсанда ең соңғы 1574-ұшақ Эвереттегі (Вашингтон штаты) Boeing зауытынан шықты. Боямас бұрын ұшақ сынақтан өтеді және келесі жылдың басында тапсырыс берушіге, жүк және чартерлік Atlas Air тасымалдаушысына жеткізіледі.

[caption id="attachment_232584" align="aligncenter" width="1225"]Picture2 Соңғы Boeing 747 «Jumbo Jet» конвейерден шықты. Бұл әлемге танылған кең фюзеляжды ұзақ қашықтыққа арналған әйгілі лайнер. «Аспан патшайымы» өндірісінің жабылуымен төрт қозғалтқышты авиалайнерлердің дәуірі де аяқталды. Фото thedrive.com сайтынан алынды[/caption]

Боинг 747 және 767 бағдарламасының вице-президенті және бас менеджері Ким Смит: «50 жылдан астам уақыттан бері бірінші рет бізде бұл нысанда 747 болмайды», – CNBC жаңалықтар арнасына берген сұхбатында.

747 бағдарламасы 1960 жылдардың аяғында басталды, ол кезде «the Incredibles» деп аталатын Boeing командасы 16 айдың ішінде сол кездегі әлемдегі ең үлкен азаматтық ұшақты жасауға жауапты болды. Сол жылдары Boeing компаниясы АҚШ Әскери-әуе күштері үшін жаңа ауыр әскери көлік ұшағын жасау байқауында жеңіліп (Lockheed C-5 Galaxy жеңіп алған CX конкурсынан кейін), өзінің назарын коммерциялық нарыққа бұрады.

Жолаушылар санының өсуін, әуе билеттерінің төмендеуін және ірі әуежайларындағы кептелістерді болжайтын жаһандық тенденцияларды ескере отырып, Сиэтлдегі ұшақ өндірушісі CX бағдарламасы үшін әзірленген турбожелдеткіш технологиясына негізделген 747-інші модельді жасап шығарады.

[caption id="attachment_232585" align="aligncenter" width="1224"]Picture3 Жолаушылар тасуға арналған 747-8 Intercontinental және 747-8 Freighter нұсқалары 787 Dreamliner-ден алынған озық технологияны, соның ішінде General Electric GEnx-2B қозғалтқыштары мен қиғаш жасалған қанат ұштарын пайдаланды. Фото thedrive.com сайтынан алынды[/caption]

Соңғы негізгі өндіріс нұсқасы 2005 жылы шыққан 747-8 болды. Жолаушылар тасуға арналған 747-8 Intercontinental және 747-8 Freighter нұсқалары 787 Dreamliner-ден алынған озық технологияны, соның ішінде General Electric GEnx-2B қозғалтқыштары мен қиғаш жасалған қанат ұштарын пайдаланды. Нәтижесінде, XXI ғасырға арналған Jumbo болды, онда шуыл азайды, көміртегі шығарындылары төмендеді, салмағы жеңілдеп, отын шығыны азайды және техникалық қызмет көрсету жеңілдеді.

Ал АҚШ Әскери-әуе күштері екі 747 ұшағын Air Force One-ның жаңа VC-25B ретінде пайдалануды күтуде. АҚШ президенті үшін жасалып жатқан ұшақтар екі 747-8 құрлықаралық ұшақтардан жасалуда.

Оларға тапсырысты қазір жұмыс істемейтін ресейлік авиакомпания берген. Осылайша, Boeing 747 дәуірі аяқталса да, әлі де бүкіл әлемге таныс ұшақ болып қала береді.