17 желтоқсанда Қостанай облысында жол апаты салдарынан екі көлік өртеніп, екі адам қаза тапты.
"Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай – Қарабұтақ тасжолының 275-шақырымында жолаушылар көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы келе жатқан қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Газель" автокөлігіне соғылды. Салдарынан екі көлік те жанып кетті", - деді Қостанай облысының Полиция лдепартаменті.
Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, "Газель" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Қазір жол-көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабы ( "Жол жүрісі ережелерін бұзу") негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қостанай облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жылдамдықты шектеуге шақырды.