Партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Жер аманаты» жобасы бойынша атқарған жұмысымен ерекшеленді. Пайдаланылмайтын және заңды бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстың арқасында облыс бойынша 276,6 мың гектар жер қайтарылған, соның ішінде жайылым – 233,9 мың гектар, егістік – 23,2 мың гектар. «Жер аманаты» өңірлік комиссиясының қызметі жайылымдық жерлер тапшылығы проблемасын шешуге, пайдаланылмайтын және заңды бұза отырып берілген жерлерді қайтаруға ықпал етті. Бұл мәселе партия филиалдарының тұрақты бақылауында», – деді Әсем Рахметова.Партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының аясында агроөнеркәсіптік кешен дамып келеді, жаңа өндірістер іске қосылуда, жұмыс орындары ашылуда, нәтижесінде өңір тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып келеді. Сонымен қатар жаңа мектептер, медициналық мекемелер, спорт нысандары салынуда.
«Тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Есепті күнге тұрғын үйді іске қосудағы өсім 100,4 пайызды құрады, 176,7 мың шаршы метр баспана салынды. Биыл 663 шақырым жол жөнделуде, көшелер асфальтталуда, кентаралық жолдар жөнделуде. Қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға дейін жеткізілді. Облысты сумен жабдықтауға және су бұруға 12,3 млрд теңге бағытталды. Сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстармен 55 елді мекен қамтылды. 240 шақырымға жуық сумен жабдықтау желілері салынады және реконструкцияланады», – деді партия филиалының атқарушы хатшысы.Депутаттық фракцияның жұмысы туралы айта келе, спикер бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы партиялықтардың ерекше бақылауында екенін ерекше атап өтті. Нақтылау қорытындысы бойынша бюджет қаражаты тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға, оқушылар мен студенттерге арналған жатақханалар салуға, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқу-зертханалық корпусын, Петропавл қаласының «Жас Өркен» шағынауданында 250 адам қабылдайтын емхана салуға жұмсалды. Бұған қоса, қаражат облыстың аудан орталықтарында денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға, көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға бөлінді.
«Бұл – біздің жұмысымыздың нәтижесінің аз ғана бір бөлігі. Осы және басқа да көрсеткіштердің барлығы нақты екенін айта аламын. Бұл жетістікке жергілікті партиялықтардың, депутаттық фракциялар мүшелерінің, бастауыш партия ұйымдарының үлесі арқасында қол жеткізілді. Біздің партияластарымыздың ынта-жігері болашақта да жойылмайды деген сенімдемін. Бүгінде біздің өңірде 29 мыңға жуық партия мүшесі бар. Солтүстікқазақстандықтар жаңғырту мен реформалардың сенімді тірегіне айналатынына және Әділетті Қазақстанның құрылысына белсенді қатысатынына сенімдімін!», – деді Әсем Рахметова.Конференция барысында «AMANAT» партиясының хатшысы Жігер Қалиев сөз алды. Ол тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту үшін партияның рөлін және бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейту бойынша 2023 жылға арналған міндеттерге тоқталды. Іс-шара барысында «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Партияның Саяси кеңесінің мүшесі, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы бұл лауазымға Жангелді Тәжин облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Әсем Рахметованың кандидатурасын ұсынды. Ол партияда да, мемлекеттік қызметте де жұмыс істеген уақытында өзін тәжірибелі және сауатты басшы ретінде танытқанын атап өтті. Конференция делегаттары ұсынылған кандидатураны қолдап, ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Әсем Рахметованы «AMANAT» партиясының өңірлік филиалының төрайымы етіп сайлады. Өз кезегінде Әсем Рахметова баршаға сенім білдіргені үшін алғысын білдірді. Ол өзіне жүктелген үміттерді ақтауға және барлық күш-жігерін партиялық жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға бағыттауға уәде берді.
Солтүстік Қазақстан облысы