Атқарылған жұмысты қорытындылады
Атқарылған жұмысты қорытындылады
581
оқылды
Петропавлда «AMANAT» пар­тия­сы Солтүстік Қазақстан об­лыстық филиалының ке­зек­тен тыс XXXIV конференциясы өтіп, онда партия ұйымының биылғы жұмысы қоры­­тынды­ланды. Сондай-ақ фи­лиал бас­шысы сайланды. Іс-шараға партия хатшысы Жігер Қалиевтың, Саяси кеңес мүшелерінің, барлық деңгейдегі мәслихат депутатта­рының, бас­тауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкіл­дері қатысты. Конференция барысында пар­тия филиалының атқарушы хат­шысы Әсем Рахметова «AMANAT» партиясы Солтүс­тік Қазақстан об­лыстық филиалының және Сол­түстік Қазақстан облыстық мәс­ли­хаты жанындағы фракциясының биылғы жұмысын қорытындылап, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Баяндамашы атап көрсетке­ніндей, биыл ауызды толтырып ай­тарлықтай ауқымды жұмыс ат­қарылған. Мәселен, қоғамдық қа­был­дау бөлмелеріне келіп түскен төрт мыңнан астам өтініштің жар­тысына жуығы оң шешімін тапқан. Бұрын адамдар қоғамдық қабыл­дауды іздеп келетін болса, енді қоғамдық қабылдау өкілдері халық арасына өзі баратын болғаны да оң өзгерістердің бірі. Мобильді қоғам­дық қабылдау биылдыққа қырықтан астам ауылдық елді мекенді ара­лапты.
Партияның Солтүстік Қазақ­стан облыстық филиалы «Жер ама­наты» жобасы бойынша атқарған жұмысымен ерекшеленді. Пайдала­нылмайтын және заңды бұза оты­рып берілген жерлерді мемлекет мен­­шігіне қайтару жөніндегі жұ­мыс­тың арқасында облыс бойынша 276,6 мың гектар жер қайтарылған, со­ның ішінде жайылым – 233,9 мың гек­тар, егістік – 23,2 мың гектар. «Жер ама­наты» өңірлік комиссия­сының қыз­меті жайы­лым­дық жер­лер тап­шы­лығы проблемасын ше­шуге, пайда­ланылмайтын және заң­ды бұза оты­рып берілген жер­лерді қайтаруға ық­пал етті. Бұл мә­селе партия филиал­да­рының тұрақты бақы­лауын­да», – деді Әсем Рахметова.
Партияның Сайлауалды бағ­дар­ламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының аясында агроөнер­кәсіптік кешен дамып келеді, жаңа өндірістер іске қосылуда, жұмыс орындары ашылуда, нәтижесінде өңір тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып келеді. Сонымен қатар жаңа мектептер, медициналық ме­кемелер, спорт нысандары са­лынуда.
«Тұрғын үй тапшылығы мәсе­лесін шешу үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Есепті күнге тұрғын үйді іске қосудағы өсім 100,4 пайыз­ды құрады, 176,7 мың шаршы метр баспана салынды. Биыл 663 ша­қырым жол жөнделуде, көшелер асфальтталуда, кентаралық жолдар жөн­делуде. Қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға дейін жеткізілді. Облысты сумен жабдықтауға және су бұруға 12,3 млрд теңге бағытталды. Сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау жөніндегі жұ­мыстар­мен 55 елді мекен қамтылды. 240 ша­қырымға жуық сумен жаб­дықтау же­лілері салынады және ре­конструкция­ланады», – деді пар­тия филиалының атқарушы хат­шысы.
Депутаттық фракцияның жұмы­сы туралы айта келе, спикер бюджет қа­ражатының тиімді жұмсалуы партиялық­тардың ерекше бақы­лауында екенін ерекше атап өтті. жұмыс қорытындысы Нақтылау қорытындысы бо­йын­ша бюджет қаражаты тұрғын үй құрылысы және инженерлік-ком­му­никациялық инфрақұрылым тартуға, оқушылар мен студенттерге арналған жатақханалар салуға, Манаш Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінің оқу-зертханалық корпусын, Петро­павл қала­сының «Жас Өркен» ша­ғынауданында 250 адам қабыл­дайтын емхана салуға жұмсалды. Бұған қоса, қаражат облыстың ау­дан орталықтарында денешынық­тыру-сауықтыру кешендерін салуға, денсаулық сақтау, білім беру ұйым­дарын материал­дық-техникалық жарақтандыруға, нә­тижелі жұмыс­пен қамтуды дамытуға, көлік инф­ра­­құрылымының басым жобаларын қаржыландыруға бөлінді.
«Бұл – біздің жұмысымыздың нә­тижесінің аз ғана бір бөлігі. Осы және басқа да көрсеткіштердің барлығы нақты екенін айта аламын. Бұл жетістікке жер­гілікті партия­лықтардың, депутаттық фрак­циялар мүшелерінің, бастауыш партия ұйым­дарының үлесі арқасында қол жеткізілді. Біздің партияластары­мыз­дың ынта-жігері болашақта да жойыл­майды деген сенімдемін. Бүгінде біздің өңірде 29 мыңға жуық партия мүшесі бар. Солтүстік­қа­зақстандықтар жаңғырту мен реформалардың сенімді тірегіне айнала­тынына және Әділетті Қазақстанның құрылысына бел­сенді қатысатынына сенімдімін!», – деді Әсем Рахметова.
Конференция барысында «AMANAT» партиясының хатшысы Жігер Қалиев сөз алды. Ол тұр­ғындардың әлеуметтік-экономи­калық әл-ауқатын жақсарту үшін партияның рөлін және бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейту бойынша 2023 жылға арналған мін­деттерге тоқталды. Іс-шара барысында «AMANAT» пар­тиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Партияның Саяси кеңесінің мүшесі, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы бұл лауазымға Жангелді Тәжин облыстық филиалдың ат­қарушы хатшысы Әсем Рахметова­ның кандидатурасын ұсынды. Ол пар­тияда да, мемлекеттік қызметте де жұмыс істеген уақытында өзін тәжірибелі және сауатты басшы ретінде танытқанын атап өтті. Конференция делегаттары ұсы­нылған кандидатураны қолдап, ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Әсем Рахметованы «AMANAT» партиясының өңірлік фи­лиалының төрайымы етіп сайлады. Өз кезе­гінде Әсем Рахметова баршаға сенім білдіргені үшін алғысын білдірді. Ол өзіне жүктелген үміттерді ақтауға және барлық күш-жігерін партия­лық жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға бағыттауға уәде берді.

Солтүстік Қазақстан облысы