TikTok ұйықтайтын уақытты еске салатын функцияны іске қосады
TikTok ұйықтайтын уақытты еске салатын функцияны іске қосады
TikTok қолданушылары платформада түнгі уақыттарын жоғалтқандарын байқамай қалатындары туралы үнемі шағымданады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
533
оқылды
TikTok қолданушылары платформада, әсіресе, түнде қанша уақыт жоғалтқандарын байқамай қалғандары туралы үнемі шағымданады. Осы мәселелерді шешу үшін компания ұйқы уақыты келген кезде ескертулер беретін және жеті сағаттық ұйқы кезінде хабарландыруларды өшіру мүмкіндігін қамтитын жаңа ұйқы туралы еске салғыш функциясын сынақтан өткізіп жатыр. Бұл туралы techcrunch.com сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_235197" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок12 TikTok ұйқы туралы еске салғыш функциясы бүкіл әлем бойынша таңдалған қолданушылардың сынағынан өтіп жатқанын растады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
TikTok жаңа ұйқы туралы еске салғыштар бүкіл әлем бойынша таңдалған қолданушылардың сынағынан өтіп жатқанын растады. Watchful.ai аналитикалық фирмасы ұсынған скриншоттар қолданбадағы «экран уақыты» параметрлерінде пайда болатын жаңа мүмкіндікті көрсетеді.
Тестке қатысатын қолданушылар жаңа «ұйқы туралы еске салғыш» опциясын көреді. Ұйқы уақытын таңдағаннан кейін сағат сол уақытқа жеткенде қолданбаны жабу керектігі ескертіледі. Сондай-ақ TikTok қолданушыға ұйқыға кеткеннен кейін жеті сағат бойы push хабарландыруларын өшіреді. [caption id="attachment_235198" align="aligncenter" width="1429"]Рисунок13 TikTok-та «экран уақыты» параметрлерінде пайда болатын жаңа мүмкіндік қосылады. Қолданушылар «ұйқы туралы еске салғыш» жаңа опциясын қолдана алады. Фото techcrunch.com сайтынан алынды[/caption] Компанияның өкілі TikTok қолданушының денсаулығын қолдаудың жаңа әдістерін жетілдіріп жатқанын және жаңа опция қазіргі цифрлық мүмкіндіктерге негізделгенін айтты. TikTok алғаш рет экрандық уақытты басқару құралдарын 2020 жылдың ақпан айында іске қосты және содан бері қолданушыларға оларды пайдалану жолдарын көбірек бақылауға мүмкіндік беретін қосымшалар енгізді.
Өткен маусымда компания қолданушыларға бір сеанста TikTok-қа қанша уақыт жұмсайтынын бақылауға көмектесетін құралды іске қосты, бұл оларға тұрақты үзілістерді жоспарлауға мүмкіндік береді.
10, 20 немесе 30 минуттық үзіліс туралы еске салғыштар ұсынылады. Сондай-ақ қолданбада жасөспірімдер үшін түнгі хабарландыру шектеулері бар. 13-15 жас аралығындағы қолданушылар 21:00-ден бастап push хабарландыруларын алмайды, ал 16-17 жастағы қолданушыларға 22:00-ден бастап push хабарландырулары өшіріледі. [caption id="attachment_235199" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок14 TikTok-тың қолданушыларды алаңдатуы және тәуелділікке ұшыратуы көптеген психологиялық зерттеулердің нысаны болды. Сондықтан сервистің уақытты бақылауға мүмкіндік беретін қосымша құралдарды сынап жатқаны таңқаларлық емес. Фото novochag.ru сайтынан алынды[/caption]
TikTok-тың озық ұсыныстар технологиясы арқылы қолданушыларды алаңдату және үзіліссіз тарту, тәуелділікке ұшырату көптеген психологиялық зерттеудің нысаны болды.
Сондықтан сервистің қолданушыларға TikTok-ты пайдаланған уақытын көбірек бақылауға мүмкіндік беретін қосымша құралдарды сынап жатқаны таңқаларлық емес. Ұйқы туралы еске салу мүмкіндігін TikTok ресми түрде қашан шығаруды жоспарлағаны белгісіз.