Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газынан уланып қаза болды. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бүгін, 8 қаңтарда сағат 10:30 шамасында тіршілік белгілері жоқ адамдар отырған көліктің табылғанын мәлімдеді.
Көлік "Сарытау" шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.
«8 қаңтарда сағат 10.30-да гараждағы көліктен 18 жастағы қыз бен үш жігіттің мәйіті табылды, олардың бірі 18, екеуі 16 жаста.Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр» делінген хабарламада.