Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
3,350
оқылды
Өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жүрген 39 жастағы азамат Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі мәлім етті.
«Қанат Қоржыбаев өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып, жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденді. Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін», - делінген хабарламада.