Хакерлер T-Mobile-дің 37 миллион абонентінің жеке дерегін ұрлады
Хакерлер T-Mobile-дің 37 миллион абонентінің жеке дерегін ұрлады
T-Mobile өзінің қаржылық есебінде хакерлер 37 миллион абонентке тиесілі жеке деректерді ұрлағанын мойындаған. Фото Getty Images сайтынан алынды
631
оқылды
5 қаңтарда T-Mobile өзінің қаржылық есебінде хакерлер 37 миллион абонентке тиесілі жеке деректерді ұрлағанын мойындаған. Мобильді байланыс пен телекоммуникация алпауыты абоненттердің  «аты-жөні, төлем адресі, электронды поштасы, телефон нөмірі, туған күні мен T-Mobile шотының нөмірі, сондай-ақ шоттағы жолдар саны мен тарифтік жоспар сияқты ақпараттарды» қамтитын деректердің сыртқа жылыстағанын айтты. Келеңсіз оқиға туралы techcrunch.com сайтына сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_237202" align="aligncenter" width="1805"]Рисунок2 T-Mobile – Deutsche Telekom неміс телекоммуникациялық холдингіне тиесілі мобильді байланыс компаниялар тобы. Компанияның абоненттік базасы – шамамен 152 миллион. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] T-Mobile – Deutsche Telekom неміс телекоммуникациялық холдингіне тиесілі мобильді байланыс компаниялар тобы. Бұл компаниялар Еуропада GSM желілерін басқарады. «Т» әрпі «Телеком» сөзінің бір бөлігі. Deutsche Telekom көптеген бөлімшесінде «T-» әрпінен басталатын атаулар бар. T-Mobile Шығыс Еуропаның бірнеше мобильді байланыс операторларына да иелік етеді.
Тұтастай алғанда, компанияның абоненттік базасы шамамен 152 миллион болады. Бұл оны әлемдегі 16-шы үлкен мобильді байланыс операторына айналдырады. Компания АҚШ-тың ең ірі байланыс операторларының үштігіне кіреді, абоненттерінің саны 110 миллионнан асқан.
Осындай ірі компанияның абоненттерінің 25%-ының жеке деректерінің қолды болуы бір мезгілде емес, 25 қарашадан басталғаны анықталған. [caption id="attachment_237203" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Дербес тергеу жүргізген T-Mobile жүйенің осал жерін бір айдан кейін, яғни 5 қаңтарда анықтағанын және бір күнде сол қателікті түзеткенін мәлімдеген. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Дербес тергеу жүргізген T-Mobile жүйенің осал жерін бір айдан кейін, яғни 5 қаңтарда анықтағанын және бір күнде сол қателікті түзеткенін мәлімдеген. T-Mobile-дің хабарлауынша, хакерлер компанияның ешбір жүйесін бұзбаған, олар қолданбалы бағдарламалау интерфейсін немесе API интерфейсіндегі қателікті пайдаланған.
«Біздің тергеу әлі жалғасуда, бірақ зиянды әрекетке қазіргі уақытта толығымен тосқауыл қойылған сияқты және қазіргі уақытта шабуылдаушының біздің жүйелерге немесе желіге кіру немесе оны бұзу мүмкіндігі туралы ешқандай дәлел жоқ», – деп жазды компания.
[caption id="attachment_237204" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 2018 жылдан бері T-Mobile-ға сегіз рет  шабуыл жасалды. Ең соңғысында хакерлер тобы абоненттердің электронды поштасы немесе криптовалюта әмияндарына кіруді мақсат еткен.Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Бұл 2018 жылдан бері T-Mobile-да болған сегізінші шабуыл. Ең соңғысы 2022 жылы Lapsus$ деп аталатын хакерлер тобымен байланысты.
Олар компанияның ішкі құралдарына қол жеткізіп, абоненттің SIM картасын ауыстыру арқылы оның телефон нөмірін бақылауға алып, содан кейін электронды поштасы немесе криптовалюта әмияндары сияқты құпия тіркелгілерге кіру үшін пайдалануды мақсат еткен. Соңғы оқиғаға байланысты T-Mobile өкілі қосымша түсініктеме бермеген.