Starship зымыраны ғылыми фантастиканы шындыққа айналдыруға бір қадам жақындатты
Starship зымыраны ғылыми фантастиканы шындыққа айналдыруға бір қадам жақындатты
Starship ғарыш кемесі сынаққа дайын екені хабарланды. Сынақтардың сәтті болуы планетааралық саяхатты ғылыми фантастикадан шындыққа айналдырудың маңызды кезеңінің басталғанын білдіреді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Andriy Onufriyenko
795
оқылды
SpaceX компаниясы Техастың оңтүстік-шығысындағы ғарыш базасынан Starship ғарыш кемесін сынауға дайын екенін хабарлады. Сынақтардың сәтті болуы Илон Масктың планетааралық саяхатты ғылыми фантастикадан шындыққа айналдыру ізденісіндегі маңызды кезеңнің басталғанын білдіреді. TechCrunch технологиялық платформасы жариялаған материалға сілтеме жасап, Aikyn.kz ғарыш саласын игерудегі үлкен жобаның мақсатымен таныстырады. [caption id="attachment_237623" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок6 Қазір жоғарғы сатыларды да, зымыран тасығышқа да жанармай құйып, қозғалтқыштарды іске қосуға дейінгі процестерді қамтитын сынақтар жүргізілмек. Фото nasaspaceflight.com сайтынан алынды. Авторы: Nic Ansuini[/caption] Мамандар Starship-тің алғашқы орбиталық сынағына аз уақыт қалғанын айтуда. Қазір жоғарғы сатыларды да, зымыран тасығышқа да жанармай құйып, қозғалтқыштарды іске қосуға дейінгі процестерді қамтитын сынақтар жүргізілмек. Сынақтар ойдағыдай өтсе, келесі қадам Starship екінші сатысы тексеріліп инженерлер Raptor 2 зымыран тасығышының барлық 33 қозғалтқышын іске қосып сынайтын болады.
Starship – ғарышкерлер мен жүктерді Жердің төменгі орбитасына, синхронды және гео-ауысу орбиталарына, сондай-ақ планетааралық миссияларға жеткізуге арналған көп функциялы, көп мәрте қолдануға болатын ауыр зымыран тасығышы.
[caption id="attachment_237624" align="aligncenter" width="1708"]Рисунок7 Starship-тің 100 тоннаға дейін жүкті орбитаға шығаруға мүмкіндігі бар екенін және мұндай потенциалды қажет ететін ғарыштық жобаның жоқтығын ескерсек, Starship Марсты игеруге жасалғаны анық сияқты. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Hiep Le[/caption] Мұның бәрі бірнеше апта ішінде өткізілуі мүмкін. Төтенше жағдайлар мен апаттар болмаса наурызда орбиталық сынақтарды бастау жоспарланған. Коммерциялық ұшыруларды реттейтін АҚШ-тың Федералдық авиациялық әкімшілігі SpaceX-ке жақын арада ұшыру лицензиясын береді деп күтілуде.
Starship-ті SpaceX-тің ең маңызды жобасы ретінде қарастыруға болады. Starship-тің 100 тоннаға дейін орбитаға шығаруға мүмкіндігі бар екенін және мұндай потенциалды қажет ететін ғарыштық жобаның жоқтығын ескерсек, Starship Марсты игеруге жасалғаны анық сияқты. Бұл мақсатқа жету үшін компания миллиардтаған доллар жұмсауға дайын.
[caption id="attachment_237625" align="aligncenter" width="1809"]Рисунок8 Артемида III миссиясы үшін Starship-тің 2024 жылы Айға қону нұсқасын әзірлеуге 2,9 миллиард долларлық келісімшарт жасалды. NASA 2030-жылға қарай экипажы бар екінші Starship миссиясына қосымша тағы да 1,15 миллиард долларлық келісім жасады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Astromujoff[/caption]
NASA Starship-тің сәтті жоба екеніне сенеді. Өйткені ғарыш агенттігі бұл аур зымыран-тасығышты «Артемида» Ай бағдарламасында пайдаланбақшы. 2021 жылдың сәуірінде NASA SpaceX-ке Артемида III миссиясы үшін Starship-тің 2024 жылы Айға қону нұсқасын әзірлеуге 2,9 миллиард долларлық келісімшарт жасады.
Кейінірек агенттік тағы да 1,15 миллиард долларлық келісімшарт жасап, 2030-жылға қарай экипажы бар екінші Starship миссиясын да қосты. Әзірше, барлық тараптар Starship-тің орбитаға көтерілуін күтуде.