Mercedes өзін-өзі басқаратын көлікті сынады
Mercedes өзін-өзі басқаратын көлікті сынады
Mercedes-Benz-тің 3-деңгейдегі автономды жүргізу жүйесі DRIVE PILOT жыл соңына дейін АҚШ жолдарына шығады деп күтілуде. Фото motortrend.com сайтынан алынды
1,106
оқылды
Mercedes-Benz-тің 3-деңгейдегі автономды жүргізу жүйесі DRIVE PILOT жыл соңына дейін АҚШ жолдарына шығады деп күтілуде. Бұған дейін жазғанымыздай DRIVE PILOT –  автоматтандырылған жүргізу жүйесі енгізіледі. Оның жүргізушіге көмек көрсету бойынша басқа технологиялармен салыстырғанда қандай ерекшеліктері бар екенін SlashGear.com сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_237939" align="aligncenter" width="1949"]Рисунок6 Мерседес жаңа жүйені АҚШ-та тарататынын, Невада оған рұқсат беріп, Калифорнияда мақұлдануды күтіп отырғандарын жариялады. DRIVE PILOT АҚШ-та 2024 жылғы S-Class және EQS Sedan үлгілерінде болады. Фото Mercedes-Benz сайтынан алынды[/caption] Қазіргі уақытта мұндай технологиялардың барлығы, соның ішінде Tesla Autopilot, GM Super Cruise және Ford BlueCruise – қабылданған SAE стандарттары бойынша 2-деңгейлі жүйелер деп аталады. Бұл жүйеде жүргізушіге қолдарын рульден түсіруге рұқсат етілсе де, олар жол жағдайын мұқият қадағалау керек дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, олар көлік жүргізуді кез келген оқыс жағдайда өздеріне қайтаруға дайын болуы керек.
Өткен жылы Германияда іске қосылған DRIVE PILOT көлік қозғалысына ілесіп, жолдағы орнын сақтай алды және 50 км/сағ жылдамдықпен жедел жәрдем көліктерінің өтуіне де басымдық берген. Мұндай жағдайларда жүргізушінің фильм көруге, электрондық поштаны тексеруге немесе сэндвич жеуге мүмкіндігі болады.
Алайда, жүргізуші рөлде отырып ұйықтай алмайды. Себебі, жолда туындаған тосын жағдайда автоматты жүйе көлікті басқаруды адамға беруге мәжбүр болды. [caption id="attachment_237940" align="aligncenter" width="1799"]Рисунок7 3-деңгейдегі автономды жүргізу жүйесі көлікке біршама өзгерістер енгізуді талап етеді. Мысалы, қосымша сенсорлар, соның ішінде LIDAR, жол ылғалдылығын өлшейтін сенсор, арнайы қызметтердің сиреналарын тыңдау үшін микрофондар да орнатылуы тиіс. Фото mbpassion.de сайтынан алынды[/caption] Мерседес осы айдың басында CES 2023 көрмесінде бұл жүйені АҚШ-та тарататынын, Невада оған рұқсат беріп, Калифорнияда мақұлдануды күтіп отырғандарын жариялады. DRIVE PILOT АҚШ-та 2024 жылғы S-Class және EQS Sedan үлгілерінде болады. Ал, алғашқы көліктер 2023 жылдың екінші жартысында тұтынушыларға жеткізіледі деп жоспарланған.
Mercedes қосымша DRIVE PILOT пакетінің АҚШ-та қанша тұратынын әлі айтпады. Көлік конфигурациясына байланысты Германияда шамамен $5,000-8,000 тұратыны белгілі.
Бірақ, қазіргі AMG EQS седаны сияқты қолданыстағы көліктерде DRIVE PILOT функциясы болмайды. Себебі, 3-деңгейдегі автономды жүргізу жүйесі көлікке біршама өзгерістер енгізуді талап етеді. Мысалы, қосымша сенсорлар, соның ішінде LIDAR, жол ылғалдылығын өлшейтін сенсор, арнайы қызметтердің сиреналарын тыңдау үшін микрофондар да орнатылуы тиіс. [caption id="attachment_237941" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок8 АҚШ-тағы DRIVE PILOT әлі де шектеулі жүйе болып қала береді. Жүйенің қалай және қандай жолдарда рұқсат етілетіні ережелерде жазылады. Фото group.mercedes-benz.com сайтынан алынды[/caption] Көптеген сақтық шарасына қарамастан, АҚШ-тағы DRIVE PILOT әлі де шектеулі жүйе болып қала береді. Жүйенің қалай және қандай жолдарда рұқсат етілетіні арнайы ережелерде жазылады. Ол жоғары дәлдіктегі GPS сенсорымен және HD карталарымен бақыланатын автомобиль жолдарының таңдаулы учаскелерінде және қозғалыс тығыздығы жоғары кезде 40 миль/сағ жылдамдықта ғана қолданылады.
Германиядағыдай автономды жүйе тек күндізгі мезгілде ғана жұмыс істейді. Рұқсат етілген жағдай туғанда рөл дөңгелегіндегі түймелер жанып, DRIVE PILOT функциясын қосуға болатынын растайды.
Жол жағдайлары өзгеріп, жылдамдық ұлғайса немесе DRIVE PILOT қолдайтын жағдай өзгерсе жүйе адамның араласуы қажеттігін ескертіп, визуалды және дыбыстық хабарламалар береді. Бұдан кейін жүргізуші басқаруды өзіне алмаса көлік тоқтап, ескерту шамдарын қосып, төтенше құтқару қызметін шақырады. [caption id="attachment_237942" align="aligncenter" width="1224"]Рисунок9 Mercedes өзі DRIVE PILOT не істей алатынын және не істей алмайтынын анық біледі: дилерлерге бұл мүмкіндіктерді және шектеулерді S-Class және EQS седан иелеріне түсіндіру міндеті жүктелмек. Фото group.mercedes-benz.com сайтынан алынды[/caption] Соңғы онжылдықта «нағыз» автономды көлік әлі де алыс екені байқалды. Mercedes өзі DRIVE PILOT не істей алатынын және не істей алмайтынын анық біледі: дилерлерге бұл мүмкіндіктерді және шектеулерді S-Class және EQS седан иелеріне түсіндіру міндеті жүктелмек.
Автономды басқару жүйелері де заңдар сияқты жетілдіріле беретіні сөзсіз. Германияда, мысалы, Mercedes соңғы жаңартулардан кейін DRIVE PILOT үшін жылдамдық шегі 74 миль/сағ дейін арттыру жоспарланған.
Mercedes басшылары DRIVE PILOT үшін «жауапкершіліктен» қашпайтынын айтты.