Атырау қаласында 19 қаңтар күні сағат 12.25 шамасында радикалды діни ағымды ұстанатын 27, 28 жастағы екі тұрғын қолға түсті.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде екі күдіктіден 1 қара түсті полиэтилен және 2 қою жасыл түсті қағаз орамасын тәркілеген.
Химиялық экспертиза қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың жалпы салмағы 186 грамм болатын марихуана екендігі белгілі болды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.