Amazon: Alexa, ақша қайда кетті?
Amazon: Alexa, ақша қайда кетті?
Financial Times материалында Amazon-ның Президенті әрі Бас директоры Энди Джесси-дің акционерлерге жазған хаты негізінде компанияның болашағына байланысты алаңдаушылық білінеді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: NurPhoto
1,067
оқылды
Сарапшылар АҚШ-тың электронды коммерция тобы инвестициялық саясатын өзгерту қажет деген пікір айтуда. Financial Times басылымында жарияланған мақалада Amazon-ның президенті әрі бас директоры Энди Джесси-дің акционерлерге жазған хаты негізінде компанияның болашағына байланысты алаңдаушылық білінеді. Financial Times-қа сілтеме жасап Aikyn.kz әлемге танымал компания өнімдерінің оның табысына әсерін талдайды. [caption id="attachment_238598" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок2 Энди Джесс акционерлерге жазған хатында Echo смарт-колонкасы мен Alexa жеке көмекшісінің қаншалықты дамығанын атап өткен. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Michael M. Santiago[/caption] Энди Джесс өзінің хатында Echo смарт-колонкасы мен Alexa жеке көмекшісінің қаншалықты дамығанын атап өткен. Джесс клиенттердің оларды қалай пайдаланатыны туралы айтқан жоқ. Бірақ, мамандар Echo-ның көптеген иелері ақылды динамикті ән ойнау немесе таймер орнату үшін ғана қолданады дейді.
Apple, Amazon, Google, Microsoft және Samsung компаниялары цифрлық дауыстық көмекшілер смартфонда мәзірді айналдыру мен түймені басудың орнына көп қолданылады деп күткен.
Amazon-ның Echo сияқты құрылғылары танымал болғанымен, оларды сапалы қолдану әлі де өзгерген жоқ. Бұл жерде Amazon тарихындағы соңғы үлкен қысқартуларда Alexa және Echo-да жұмыс істейтін командалар қатты зардап шеккені де ойландырады. [caption id="attachment_238599" align="aligncenter" width="1823"]Рисунок3 «Alexa, неге олай істедің?» деп құрылғының жаңа мүмкіндігін көрсету үшін Amazon өкілі Дэйв Лимп дауысты көмекшіге сұрақ қойып тұр. Alexa-ның әрекетін түсінбеген кезде осылай сұрауға болады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Андрей Соколов[/caption] Echo 2014 жылы 199 долларға сатылды. Жаңа нұсқалар одан да арзанырақ. Бағаның төмендеуі сатылымның жақсы болғанын көрсетеді. Financial Times 18 жастан асқан америкалықтардың 30%-ынан астамы смарт-колонкаларды қолданатынын жазады.
Бірақ бұл сатылымдар аталған құрылғылардың функцияларының толық қолданылмайтынын да көрсеткен. Егер олардың көптеген функциясы қолданылса, онда сатылымның өсу ықтималдығы да жоғары болар еді деген пікір де бар.
2022 жылдың 3-тоқсанында Amazon-ның жылдық табысы шамамен 3 миллиард долларға азаятыны хабарланды. Бұған пандемия кезіндегі шамадан тыс өсу және қымбат сатып алу, қазір тұтынушылардың өз шығынын азайтуы да өз зиянын тигізді. 12 айдағы таза кіріс – 11,3 миллиард доллар. Бұл өткен жылдық кірістің жартысындай ғана болды. [caption id="attachment_238600" align="aligncenter" width="1601"]Рисунок4 Amazon Echo Dot смарт динамигі. Мамандар ақылды динамик ән ойнау немесе таймер орнату үшін ғана қолданылады дейді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Smith Collection, Gado[/caption]
Жұмыс орындарын қысқартумен қатар, Amazon-ға өз инвестицияларын қайта қарастыруы да мүмкін. Сарапшылар жасанды интеллект саласындағы инновациялардың арқасында дауысты технологияны жетілдіру Alexa-мен өзара әрекеттесуді шынайы етуге көмектеседі деп болжайды.
Бейнежазба жасайтын Ring есік қоңырауы мен Astro тұрмыстық роботы сияқты үй қауіпсіздігіне арналған құрылғыларымен қатар, Amazon өз өнімін тұрмыстық өнімдерге біріктіруді қолға алған. Бірақ бұл әрекеттер топтың кірісіне қаншалықты әсер ететіні белгісіз. [caption id="attachment_238601" align="aligncenter" width="1778"]Рисунок5 «Amazon осы уақытқа дейін әлемде қандай рөл атқарса да, оның рөлі одан да жоғарылады. Жүздеген миллион... бұрын-соңды болмаған қиындықтан өтуге көмектескен заттарды сатып алуда Amazon-ға сенетінін білдірді» дейді Andy Jassy. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: SOPA Images[/caption] Мақаланың соңында электронды коммерция алыбы Amazon-ның президенті әрі бас директоры Энди Джесси (Andy Jassy) акционерлерге жазған 4520 сөзден тұратын хатынан үзінді келтірдік. Financial Times бұл хатқа тек сілтеме көрсеткен. Бірақ, қазақ қоғамы үшін, бизнес қауымдастығы үшін корпоративтік басқару мәдениетінің үлгісімен танысу да пайдалы болар деп ойлаймыз. Хаттың пунктуациясы сақталған.
«Құрметті акционерлер: Amazon-да жұмыс істеген соңғы 25 жылда менде қызметкерлерге, тұтынушылар мен серіктестерге көптеген хабарламалар, электронды хаттар, жазбалар мен есептер жазу мүмкіндігі болды. Бірақ мен Amazon компаниясының бас директоры ретінде алғаш рет акционерлерге жыл сайынғы хат жазу құрметіне ие болдым. Джефф (авт. Джефф Безос) осы электронды хаттарға қойылатын талап деңгейін жоғары қойды және мен хатымды оқуға тұрарлықтай жазуға күш саламын. Пандемия 2020 жылдың басында басталғанда, оның соншалықты жаппай немесе ұзаққа созылатынын ойлағандар аз болды. Amazon осы уақытқа дейін әлемде қандай рөл атқарса да, оның рөлі одан да жоғарылады. Өйткені көптеген сайт ұзақ уақытқа жабылып, адамдар өз уақытын үйлерінде өткізді. Жүздеген миллион адам жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік, киім-кешектерді және басқа да бұрын-соңды болмаған қиындықтан өтуге көмектескен заттарды сатып алуда Amazon-ға сенеді. Кәсіпорындар мен үкіметтер де әріптестермен және технологиялармен кеңседе жұмыс істеуден бір түнде қашықтан жұмыс істеуге ауысуға тура келді. AWS (авт. Amazon Web Services) бизнестің үздіксіз жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарды».
Amazon CEO-сы Энди Джестің хатының түпнұсқасы мына жерде.