Қытай жарықшамдары сөйлейді
Қытай жарықшамдары сөйлейді
Xiaomi компаниясы Mi Smart LED Ceiling Light деп аталатын жаңа өнім мен смартфондарға арналған Instant Photo Printer 1S атты принтер шығарды. Фото GizmoChina сайтынан алынды. Авторы: Xiaomi
931
оқылды
Қытайдың Xiaomi компаниясы Еуропада Mi Smart LED Ceiling Light деп аталатын жаңа өнімін ұсынды. Сонымен қатар Xiaomi смартфондарға арналған Instant Photo Printer 1S атты принтер шығарды. Бұл екі құрылғының жаңа сипатын, ерекшелігін Aikyn.kz GizmoChina технологиялық блогына сілтеме жасап  хабарлайды. [caption id="attachment_238767" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок8 Mi Smart жарықшамы бөлменің төбесіне орнатылады, жарығы 48 жарық-диодты шамның арқасында 2 700-ден 6 000K-ге дейінгі түс температурасы диапазонын және 6 000 люменге дейін жарықтық береді. Фото Gizmochina сайтынан алынды. Авторы: Xiaomi[/caption] Mi Smart жарықшамы бөлменің төбесіне орнатылады, жарығы 48 жарық-диодты шамның арқасында 2 700-ден 6 000K-ге дейінгі түс температурасы диапазонын және 6 000 люменге дейін жарық береді. Табиғи түстерді беру индексі Ra 95 көрсеткішіне тең.
Жаңа шамдар ауданы 15-25 шаршы метрге дейінгі бөлмелерге жарамды және шаңға төзімді екені айтылады. Xiaomi Mi Smart жарық-диодты шамдары алдын ала орнатылған күндізгі және ай жарығы режимдерімен сатылады. Ол дауыстық Google Assistant және Amazon Alexa көмекшілерін де қолдайды.
Жарықты смартфон арқылы басқаруға болады. Қолданушылар ақылды үй гаджеттеріне қосылуға мүмкіндік беретін Bluetooth шлюзі бар. Xiaomi Mi Smart LED төбе жарығы Еуропада  €79,99 тұрады. [caption id="attachment_238768" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок9 Instant Photo Printer 1S принтері смартфоннан фотосуреттерді бір минутта басып шығарады. Суретті екі көлемде шығарады: біреуі 6 дюймдік, екіншісі 3 дюймдік жабысқақ фотосурет қағаздарға. Фото GizmoChina сайтынан алынды. Авторы: Xiaomi[/caption] Еуропа нарығына ұсынған Xiaomi-дің тағы бір өнімі – Instant Photo Printer 1S принтері. Ол смартфоннан фотосуреттерді шамамен бір минутта басып шығара алады. Суретті екі көлемде шығару опциясы бар: біреуі 6 дюймдік, екіншісі 3 дюймдік жабысқақ фотосурет қағаздары үшін.
Xiaomi-дің жасаған фото қағазында су өткізбейтін және саусақ ізі түспейтін, түстердің сарғаюына жол бермейтін қорғаныс пленкасы бар.
[caption id="attachment_238769" align="aligncenter" width="1200"]Рисунок10 Xiaomi-дің жасаған фото қағазында су өткізбейтін және саусақ ізі түспейтін, түстердің сарғаюына жол бермейтін қорғаныс пленкасы бар. Фото GizmoChina сайтынан алынды. Авторы: Xiaomi[/caption] Xiaomi қолданушылары қажетті қолданбаны сүзгілерді қосу немесе кескіндерді қию үшін пайдалана алады. Принтердің тұнықтығы бір дюймде 300 нүкте бар, сұр түстің 256 реңкі бар және смартфондардан жоғары сапалы кескіндерді басып шығаруға қабілетті. Сондай-ақ қолданушылар принтердің магниттік қақпағын көтеріп, жартылай мөлдір қағаз науасын тексеру арқылы қанша қағаз қалғанын көре алады.
Құрылғы сымсыз қосылымды қолдайды, бұл қолданушыларға Xiaomi Home қолданбасы арқылы JPEG және PNG файлдарын басып шығаруға мүмкіндік береді.
Xiaomi Instant Photo Printer 1S Испания мен Германияда сәйкесінше, 149 еуро және 139 еуро тұрады. Ол 6 дюймдік және 3 дюймдік фотоқағаздың 10 парағымен және 20 фотосуретті басып шығаруға арналған сиясыз таспамен бірге сатылады. Smart LED төбе жарығы да, 1S жылдам фото принтері де Испания мен Германияда қолжетімді.